
ПАВЛОДАРДЫҢ ЖАС ПЕДАГОГТАРЫ ҚЫС МЕРЗІМІН ШЫҒАРЫП САЛДЫ
№25 мектеп жас мұғалімдері өз көріністерін орыс халқының өлеңімен бастады. Биыл Масленица (қысты шығарып салу) мерекесін Гагарин бағында мерекеледі. Ауа райы да ойдағыдай болып мектептер арасында қатысушыларға өздерінің өз қолымен жасаған қуыршақтарын әкелуге мүмкіндік берді. Олардың ішінде экологиялық және де дағдарысқа қарсы қуыршағы болды. Павлодар қаласының №25 мектебінің жастар кеңесінің құрамына кіретін педагогтар Сабитова Айнагүл, Аманжолова Диана, Қайролла Мөлдір және т.б. өздерінің қиялына қарай қуыршақтың көйлегін орыс халқының оюмен әшекейленіп, матамен тігіп әкелді. Ал Сабитова Айнагүл өз қолымен пісірген дәстүрлі құймағын балаларға, қарттарға және мерекеге келген қонақтар мен қала тұрғындарына таратып берді.
Аймақтық теледидарды да өз құймақтармен көңілсіз қалдырған жоқ. Павлодар қаласында осындай Масленица мерекесін көңілді өткізгенін Қазақстан-Павлодар телеарнасы дәлелдеді.
Павлодар қаласының жастар кеңесі
-
Фото
-