
«Екі жұлдыз» конкурсы
2017 жылы 14 сәуір Білім басқармасымен Ақмола облысы білім қызметкерлерінің кәсіподағымен бірлесіп, Көкшетау қаласындағы Біржан Сал атындағы музыкалық колледжінің ғимаратында Ақмола облысы білім қызметкерлері балаларының арасында жас дарындыларды анықтау және білім берудің шығармашылық қызметкерлерін қолдау мақсатында Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған «Екі жұлдыз» облыстық конкурсын өткізді.
Конкурсқа ересек орындаушы, білім беру қызметкері және жас орындаушы, білім беру қызметкерінің 6-10 жас аралығындағы баласынан тұратын 21 вокалды дуэт қатысты.
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гамазов Валерий Георгиевич және облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Абдрахманов Бейсенбай Қадырұлы сөз сөйледі.
Аршалы, Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Еңбекшілдер, Ерейментау, Жарқайың, Зеренді, Көкшетау қаласы, Қорғалжын, Сандыктау, Степногор қаласы, Шортанды, №11 АКТ Атбасар қаласы, Көкшетау қаласы № 1 құрылыс-техникалық колледжі17 вокалды дуэттері номинация иегерлері болды.
Целиноград ауданының Г.Б.АхметоважәнеҚайрат Аяулымдуэтіне бірауыздан Гран-при берілді.
І орынды – Көкшетау қаласындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының»дуэті С.А.Булатов және Айткенова Алтынай. ІІорынА.З.ЗаманбековажәнеА.Б.Қабдылова– Көкшетау қаласы«Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі». ІІІ орын – «Жұлдыз» шипажай үлгісіндегі облыстық мектеп-интернаты»Бурабай ауданынан Ж.С.Негмеджановажәне Е.А.Серік.
«Екі жұлдыз» конкурсының барлық жүлдегерлері мен номинанттарына бағалы сыйлықтар, Гран-При иегерлеріне микротолқынды пеш және планшет табыс етілді.
Конкурс қатысушылары дәстүрге айналған тамаша шараны өткізуге сүйіспеншілік және үлкен жауапкершілікпен дайындап, өткізген ұйымдастырушыларға шексіз алғыстарын білдірді.
-
Фото
-