Халықаралық Еңбек қорғау күніне арналған дөңгелек үстел
2017 жылдың 26 сәуірінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен халықаралық еңбек қорғау күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңлегек үстелдің негізгі мақсаты: Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өту, университеттегі еңбекті қорғау бағытындағы атқарылып жатқан іс-шараларды, мәселелерді талқылау және белсенді оқытушылар мен қызметкерлерді марапаттау. Жиынға «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облысының ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Раушан Серікова, университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры Мұхтар Миров, кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнұр Зарлықова және профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Дөңлегек үстел барысында еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасының инспекторы Ж.Ш.Баймағанбетов университеттегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері тақырыбында, А.Т.Мұқанов өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында баяндамалар оқылды.
Раушан Серікқызы университеттің бірқатар оқытушылары мен қызметкерлерін білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі үшін Құрмет грамотасымен және Алғысхатпен, сонымен бірге университетінің бастауыш кәсіподағы атынан ақшалай сыйлықпен марапаттады.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-