
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Кəсіподақ ұйымының жанынан құрылған ƏДІЛЕТ студенттік кəсіподақ ұйымының белсенді мүшелері "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 7-ші арнайы (түзету) мектебінде "Жүректен жүрекке" акциясын ұйымдастырды
Акцияның мақсаты қоғамымызда өсіп келе жатқан жастардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.Акцияны кәсіподақ ұйымының төрайымы Зарлықова Гүлнүр Мұханбетжанқызы ашып, акция барысында «Спорт-денсаулық кепілі!» атты спорттық ойын өтетінін айтып кетті.
Спорттық ойын үш кезеңнен тұрды.
- Бірінші кезең оқушы кедергілер арасымен жылдамдықпен жүгіріп, эстафета таяқшасын келесі ойыншыға беру.
- Екінші кезең оқушы допты аяғымен қыстырып кедергілер арасымен жылдамдықпен өту.
- Үшінші кезең командалар екіге бөлініп, дәстүрлі қазатың «арқан тартыс» ойынын ойнау.
Жарыстың соңында достық жеңіп, қатысқан оқушылардың барлығына сыйлықтар таратылып, медальмен марапатталды.
7-ші арнайы (түзету) мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіннің ұжымына және денешынықтыру пәнінің мұғалімі Қалиев Абат Таңатарұлына зор алғысымызды білдіреміз!
-
Фото
-