2017 жылғы 6-7 мамырда ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне арналған білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің XVІ Павлодар облыстық жазғы спартакиадасы өтті
2 күн ішінде білім және ғылым саласы қызметкерлерінің 450 қатысушылары ішінде 10 аудандық және 8 қалалық командалары спорттың 5 түрі бойынша сайысқа түсті: волейбол, тоғыз құмалақ, шахмат, оқ ату және үстел теннисі.
Салтанатты ашылу спартакиаданың жалауын көтерумен басталды. Облыстық XVІжазғыспартакиаданының салтанатты шарасының алғы сөзін Павлодар облысының білім беру басқармасы басшысының орынбасары Қарамбаев Жомарт Петрович сөйлеп, сайысқа қатысушыларды мерекелермен құттықтап, барлығына сәттілік тіледі.
Сапқа түзілген спортшыларға Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесінің орталығы директорының орынбасары Карякин Виктор Владимирович сайыстың регламентін түзіп, барлық қатысушыларады әділ ойын көрсетуге шақырды.
Қатысушылар сайыстың басты мақсаты ретінде білім беру саласындағы спорт қозғалысын дамыту қағидасын және «саламатты өмір салты» ұранын алға тартты.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің, №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің, Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесінің орталығының және Павлодар қаласының №29, 36 жалпы орта білім беру мектептерінің спорт алаңдары үлкен бәсекеге толы болды.
Сайыс келесі топтарға бөлінді: аудандық және қалалық командалар, колледждер мен интернаттық ұйымдар, балалар үйлері командалары.
Спорт ойындары қатарында тоғыз-құмалақ ұлттық ойынымыз жылдан-жылға дамып келеді. Аталмыш ойынды басқарған ұлттық санаттағы төреші Қашкенов Шәріп Қазымұлы болды. Бұл бағытта әйелдер командалары арасында І орын – Исамалинова Ырысты (Ертіс ауданы), ІІ орын – Шомакова Айнагүл (Баянауыл ауданы), ІІІ орын – Бекенова Самал (Лебяжі ауданы) және ерлер арасында І орын –Мұхаметқали Самат (Железин ауданы), ІІ орын – Сапарғали Әсет (Успен ауданы), ІІІ орын – Айтышев Ерлан (Ертіс ауданы).
Қалалық командалар арасында үздік нәтижелерімен көзге түскен спортшыларымыз: І орын – Каракулова Мадина (С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті), ІІ орын – Жетпісбаева Арай (Екібастұз қаласы), ІІІ орын – Жангазинова Ләззат (Павлодар қаласы).
Аталған спорт түрі бойынша ерлер арасында І орын – Айбас Адалбек (Ақсу қаласы), ІІорын – Наурызбаев Дархан (Екібастұз қаласы), ІІІ орын – Жарылғасым Ерасыл (Дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин ат. Облыстық қазақ гимназия-интернаты).
Шахмат ойыншысының басты қасиеттері – сабырлық пен шыдамдылық, қырағылық. Міне, бұл қасиеттермен әйелдер арасындағы аудандық командалары арасында І орынға Жаманбалинова Рашиля (Железин ауданы), ІІ орынға Нажикенова Айгүл (Ертіс ауданы), ІІІ орынға Жуспекова Галима (Павлодар ауданы) жайғасты.
Ал ерлер арасындағы аудандық командалардың жүлдегерлер қатары келесідей толықты: І орын – Бланкин Талғат (Павлодар ауданы), ІІ орын Нухин Қуаныш (Баянауыл ауданы), ІІІ орын – Жаманбалинов Нариман (Железин ауданы).
Қалалық құраманың әйелдер командалары жүлделі орындарды келесідей бөлісті: І орын – Балаканова Гүлнар (Екібастұз қ.), ІІ орын – Базылова Анар (Павлодар қ.) және ІІІ орын – Бекбасова Бахтула (Ақсу қ.).
Ерлер арасында өнер көрсеткен Балаканова Бахытгүл оқ атудың бас жүлдесіне ие болса, ІІ және ІІІ орындар Габдушев Арман (Павлодар қ.) мен Какишев Нажмиденге (Ақсу қ.) бұйырды.
Шахмат ойындарының жүлдегерлерін марапаттау халықаралық санаттағы төреші Егоров Евгений Владимировичке бұйырды.
Үстел теннисі. Бірінші санаттағы төреші – Иванникова Марина Федоровна бұл сайыстың бас төрешісі. Жеке біріншілікте жылдамдық, қарқын, реакция және техника сынды қасиеттерге аудандық құраманың әйелдер командалары арасында чемпиондық атақты Щербань Людмила (Успен ауданы) алып кетсе, ІІ мен ІІІ орындарға Баужанова Динара (Павлодар ауданы) және Жумадилова Сания жайғасты.
Ерлер арасында бас жүлде Танирбергенов Мақсатқа (Павлодар ауданы) бұйырса, қалған орындарды Баймульдинов Қуаныш (Успен ауданы) пен Усин Фархат (Май ауданы) бөлісті.
Қалалық командалар арасында әйелдердің тартысы бойынша І орын екібастұз қаласының өкілі Бондарь Елена, ІІ және ІІІ орындарды Павлодар қаласының педагогы Жукова Галина мен С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінің қызметкері Алибекова Камила өз қанжығаларына байлады. Ерлер арасында І орында Хайдаров Рүстем (Ақсу қ.), ІІ орында Темиргалиев Сұлтан (С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті) және ІІІ орында Федотов Василий (Павлодар қ.).
Басқа спорт түрлерінен өзінше ерекшелігі бар, біріншілік сайысында оппонентпен емес, спортшының өзімен сынға түсетін спорт түрі – оқ ату. Бұл сайыстағы үздіктерді бірінші санаттағы төреші Смирнов Иван Александрович марапаттады. Аудандық құраманың әйелдер қатысушылары арасында бірінші орынға Ақтоғай ауданының ұстазы – Бардакова Наталья, екінші орынға Шарбақты ауданының спортшысы – Иманалиева Айнұр және үшінші орынға Баянауылдық Жангельдина Гүлзат жайғасты.
Жоғарыда аталған спорт түрінің аудандардан келген ерлер жүлделі орындары келесідей бөлісті: І орын – Макеев Виктор (Ақтоғай ауданы), ІІ орын – Кабулов Даурен (Железин ауданы), ІІІ орын – Амиржанов Бәкібай (Ертіс ауданы).
Ал қалалық ойыншылардың нәзік жандылар тартысында Павлодар қаласының өкілі Третьякова Анастасия І орын, Ақсу қаласынан келген Истаева Әсел ІІ орын және Павлодар құрылыс және коммуналдық шаруашылық колледжінің өкілі Терехова Людмила ІІІ орынмен көзге түсті. Ерлер арасында І орын Ақсу қаласының педагогы Махаев Талғатқа, ІІ және ІІІ орындар Павлодар қаласының өкілі Бондарь Виктор мен С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушысы Мукашев Русланға бұйырды.
Ұлттық санаттағы төреші Лукомская Людмила Артуровнаға волейбол ойынын таразылау қиынға түскенін атап өтті. Аудандық құраманың әйелдер арасындағы біріншілікте Успен, Павлодар және Ақтоғай аудандары болса, ерлер арасында Ертіс, Павлодар және Успен аудандарының командалары қанжығаларын майлады.
Қалалық құрамада әйелдердің де, ерлер арасындағы да ойын нәтижесі Павлодар қаласы І орынға жайғасса, ІІ орын Екібастұз қаласына және ІІІ Ақсу қаласына бұйырды.
Жалпыкомандалық есепте кубок жеңімпаздары Успен ауданы мен Павлодар қаласының командалары болып танылды. 2 орында – Павлодар ауданы мен Ақсу қаласы, ал 3 орын Ертіс ауданы мен Екібастұз қаласына бұйырды.
Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы Ернар Иманбаев қорытынды сөзінде барлық қатысушыларға және ұйымдастыру алқасының мүшелеріне алғысын айтып, мереке күндерімен құттықтап өтті.
Бұл спартакиада барысында қатысушылардың бойлары спорттық рухқа және зор сенімге толы болғанына куә болдық.
Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерікәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-