
Ақсу аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің үйымдастыруымен білім қызметкерлерінің кәсіподақ күніне арналған Туризм-2017» слеті өту
Ақсу аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің үйымдастыруымен 10 маусым білім қызметкерлерінің кәсіподақ күніне арналған 2017 жылы маусым айының 23-25 күндері аралығында «Туризм-2017» слеті өтті.
23 маусым күні «Туризм-2017» слеті өтетін Ақсу ауданы Қапал өңірінің «Шымбұлақ» атты жеріне Ақсу ауданының білім қызметкерлерінің 19 бастауыш кәсіподақ ұйым командалары келіп жайғасты. 23 маусым сағат 20:00-де «Туризм-2017» «Туристік ән байқауы» бірінші байқауы өтті.
24 маусым күні сағат 10:00-де «Туризм-2017» слетінің ашылу салтанатының қадірлі қонағы болған Талдықорған аумақтық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Абдихадиров Садық Нұрсапаұлы, бас маман Джампеисов Гизат Омарбекұлы, бас маман Тулепбергенов Мэлс Кулмуханұлы, Алматы облыстық туризм басқармасының өкілдері Қабдолдаұлы Бақытжан, Меделбекқызы Мадина, Алтынбекұлы Дархан.
Сағат 10:30-да жасанды әр түрлі кедергілер жарысы өтті.
25 маусым күні сағат 08:00-де таңғы туристік ас мәзірі байқауы өтті.
Сағат 09:00-де карта бойынша бағдарлау жарысы өтті.
Сағат 19:00 «Туризм-2017» слетінің жеңімпаздары грамоталармен бағалы сыйлықтарымен марапатталды
Жалпы командалық
І- орын Ю.Гагарин атындағы бастауыш кәсіподақ ұйымы
ІІ – орын Қарасу негізгі орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымы
ІІІ – орын Матай орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымы.
Туризм-2017» слеті өту барысының фото суреттері қосымша тіркеледі.
-
Фото
-