
Павлодар облысы Качир ауданы білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы саламатты өмір салтын қолдайды
Соңғы кездері кәсіподақ ұйымдары салауатты өмір салтына көп көңіл бөледі. Бұл кәсіподақ эстафеталарын ұйымдастыру және өткізу, шаңғы жарысы бойынша сайыс, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, оқ ату бойынша жыл сайынғы жарыстар, мектептерде түрлі секциялар жұмыс істейді.
Ағымдағы жылдың 7 наурызы күні аудандық филиалдың бастамасымен Тереңкөл ауылы Оқушылар үйінің спорт залында кәсіподақ мүшелеріне арналған фитнес орталығы ашылды. Фитнес орталықты ашу салтанаты Качир ауданы білім беру бөлімінің басшысы Ж.Қ. Билялова мен Песчан №2 жалпы орта білім беру мектебінің директоры, аудандық маслихаттың депутаты, аудандық және облыстық жарыстардың жүлдегері мен жеңімпазы Н.Т. Әліповаға ұсынылды. Бұл іс-шараға мектеп директорлары, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың басшылары, білім беру бөлімінің қызметкерлері, Качир ауданының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен мүшелері, «Самал» ССО, Оқушылар үйінің ұжымдары және т.б. қатысты.
Бұл күні барлық тілек білдірушілерге фитнес орталығының жетекшісі, «Самал» ССО директоры Қымбат Дусембайқызы шынықтыру жаттығуларын өткізді. Ал, одан кейін дене шынықтыру нұсқаушылары спорттық конкурстар өткізді, бұл жерде жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұдан әрі біздің кәсіподақтардың мүшелері аптасына екі рет қажетті спорт құралдарымен және жаттығу құрылғысымен (тренажер) жабдықталған фитнес орталығына бара алады.
Ашылған фитнес орталығы – аудандық кәсіподақтың сала қызметкерлері арасындағы саламатты өмір салтын қолдаудағы жүзеге асқан идеясы десек еш қателеспейміз.
А.Арынова, Павлодар облысы Качир аудандық білім
қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы