• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖАС ҰСТАЗДАР АРАСЫН…

ЖАС ҰСТАЗДАР АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ







Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы мен Панфилов аудандық филиалы жанынан құрылған жастар Кеңесінің ұйымдастыруымен «Егемен елдің жастары» атты байқауы өтті.



Жас ұстаздар қатысқан шарада облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов сөз алып, барша кәсіподақ мүшелерін айтулы мерекемен құттықтады. 18-35 жас аралығындағы кәсіподақ мүшелерін қамтыған шараның мақсаты мен міндетін нақтылады. Байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.


Аталған шара бес кезеңді қамтыды. Алғашында ұстаздар өздерін таныстырып, туған өлкенің Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістігі, білім саласындағы өзгерістерді айтты. Екінші кезеңде қазақ еліне танымал ақындардың сөзіне жазылған патриоттық әндерді жанды дауыста шырқады. Ал, үшінші кезең тәуелсіздік тарихына негізделіп, Елбасының өмір жолы, желтоқсан оқиғасына қатысты сұрақтарға командалар жауап берді. «Тұлғаларды тани біл» кезеңі Алматы облысының танымал тұлғаларына бағытталды. Онда әр команданың көшбасшылары экранда берілген тұлғалардың аты-жөнін, атқарған қызметін жан-жақты баяндады. Соңғы кезеңде аудандық, қалалық филиалдардан келген командалар тәуелсіздікке арнаған жыр шумақтарын нақышына келтіре оқыды.




Облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов, Панфилов аудандық филиалының жанынан құрылған педагогикалық еңбек ардагерлері Кеңесінің төрағасы Молот Солтанаев, Ш. Байбатшаев атындағы орта мектебінің директоры Саулет Асанов, Абай атындағы орта мектебінің директоры Ұлмекен Жақыбаева, Д.Қонаев атындағы орта мектебінінің директоры Айгүл Нүсіпқожаева сынды белсенділерден құралған, әділқазы алқалары әр кезеңді 1-10 ұпай аралығында бағалап, жеңімпаздарды анықтады.




Құрамы үш адамнан құралған тоғыз команданың арасында жүзден жүйрік шығып, І орынды Көксу ауданы, Еңбекшіқазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рауан Мырзахметов, Жамбыл атындағы орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы Ильяс Закиров, Алдабергенов атындағы орта мектебінің мұғалімі Нұрлан Мамырбаев иеленді. ІІ орынды Кербұлақ ауданы, Күреңбел қазақ орта мектебінің мұғалімдері Әсем Ильясова, Жаңыл Жұмағалиев, Оралбек Тұрысбеков, ІІІ орынды Қаратал ауданы, І.Есенберлин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мөлдір Мұхаметқалиева, Балалар шығармашылығы орталығының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дастан Аршынбек, Лермонтов атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Әйгерім Тұрсынова еншіледі.




Жүлделі орындарды иеленген ұстаздарға облыстық ұйымның дипломдары мен Панфилов аудандық филиалының қаржылай сыйлықтары табыс етілді. Байқауға дейін жастар кеңесінің белсенді мүшелері Панфилов ауданындағы «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейін және «Әулиеағаш» жеті ғасырлық тарихы бар киелі ағашты тамашалаған болатын.






Алматы облыстық білім және ғылым

қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі













































Жарияланған күні: Жел. 4, 2021
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты