• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖЕЗҚАЗҒАНДА КЕҢЕС О…

ЖЕЗҚАЗҒАНДА КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ







Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының Кеңес мүшелері бас қосты.

Күн тәртібіне шығарылған алты сұрақтың алғашқысы – Кеңес құрамына өзгеріс енгізу. Кеңес мүшелерінің бірауыздан қолдауымен Ұлытау аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Қанат Жылқыбаев пен аймақтық кәсіподақтың ақпараттық-ұйымдастыру жұмысының жетекші маманы Диана Оразалина кеңеске мүшелік ететін болды.




Алқалы жиында сөз алған аймақтық кәсіподақтың бас маманы Дархан Жақыпбекұлы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 27, 28 қаңтардағы № 83,95 бұйрығына енгізілген өзгерістерді таныстырды. Естеріңізде болса, биыл аттестаттаудан өтудің ережелеріне бірталай өзгерістер енгізілген болатын. Олардың негізгілерін Балқаш, Сәтбаев пен Жезқазған қалалары мен Ақтоғай, Шет, Ұлытау мен Жаңаарқа аудандық кәсіподақ ұйымдары басшыларының назарына жеткізген бас маман әріптестерінің заң тұрғысында толғандырған сұрақтарына жауап берді.




Білім ордаларында студенттерге жасалған жағдайды бақылау кәсіподақ жұмысының басым бағыты болғандықтан Кеңесте технология және сервис колледжі жатақханасының жай-күйі де қаралды. Аймақтық кәсіподақтың жетекші маманы Медет Ерназаровтың баяндауынша, жатақханада қолайлы өмір сүру үшін қажеттінің барлығы қарастырылған. Ең бастысы жатақханада қауіпсіздікке баса назар аударылғаны Кеңес мүшелерінің көңілінен шықты.




Сонымен қатар, Кеңес мүшелеріне кәсіподақ қызметкерінің әдебі жөніндегі Ереже таныстырылды. Аталған Ереже Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Атқару комитетінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы №14/2 Қаулысымен бекітілді. Әдеп жөніндегі Ережеде көрініс тапқан этикалық нормалар кәсіптік қызмет аясында және тұрмыста, қоғамдық орындарда, азаматтармен қарым-қатынастадеп жіктелген. Кәсіподақ қызметкері қызмет аясында функционалдық міндеттерін адал орындап, жұмыс уақытын тиімді пайдалануға, әріптестеріне қолдау көрсетіп, олардың пікіріне құлақ асуға, мүдделердің жанжалы туындауы мүмкін жағдайларға жол бермей, басқа қызметкерлерге қатысты жеке субъективті пікірін білдірмеуге міндеттелсе, жұмыстан тыс уақытта айналасындағы адамдарға үнемі адамгершілік қатынас пен өзара құрмет көрсету, қоғамдық өмірде адал, шыншыл, сыпайы болу сынды жауапкершіліктер жүктеледі.




Әдеп жөніндегі Ережемен қол қою арқылы танысқан Кеңес мүшелері Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының 2022 жылға арналған жоспар жобасын мақұлдады.




Салалық кәсіподақтың Жезқазған аймақтық ұйымы





















Жарияланған күні: Жел. 22, 2021
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты