• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • МАРАПАТ ӨЗ ИЕСІН ТА…

МАРАПАТ ӨЗ ИЕСІН ТАПТЫ







Ұлағатты ұстаздардың еңбегі жоғары бағаланды. Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Марат Қоңырбаев жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар берген әріптестерін «ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» медалімен марапаттады.




– Баршаға жан шуағы мен жайдары көңіл-күй сыйлайтын Жаңа жыл мерекесі – өткенімізді саралап, ертеңімізді бағамдайтын керемет сәт. Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен ерекшеленді. Ендеше, Егемендік тойы баршаңызға құтты болсын. Ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, бейбітшілігіміз баянды болсын, – деп мерекелік кездесуді өз құттықтауымен ашқан Марат Сейілбекұлы саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған үздіктерге құрмет көрсетті.


«Еңбек ардагері» медалі қырық жыл бойы жүрек қалауымен таңдаған мамандықтың ыстығы мен суығына төзіп, қызығы мен шыжығына шыдаған №11 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рақияш Рақымқызы Жолдыбаеваға, жиырма жылдан астам уақыт №26 гимназияға басшылық еткен, бүгінде құрметті еңбек демалысындағы Татьяна Ивановна Панкрашкинаға, Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейдің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Баян Хамитқызы Бектұрова мен №8 гимназияда табан аудармастан еңбек етіп келе жатқан орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алма Топышқызы Бляловаға жараса кетті. Ұзақ жылғы табысты еңбегі лайықты бағасын алған ұстаздармен бірге әріптесіміз, кәсіподақ қозғалысын дамытуға сүбелі үлес қосқан Сәмет Қойшығарақызы Досетова да мадақталды. Қазіргі таңда аймақтық кәсіподақта бас бухгалтер қызметін абыроймен атқарып жүрген Сәмет Қойшығарақызы Жезқазған қаласының экономика мен қаржы саласын дамыту мен жетілдіру ісіне өмірінің 43 жылын арнады.




Өздеріне көрсетілген құрмет пен қошеметке разы болған еңбек ардагерлері жарыса сөз алып, білім саласы қызметкерлерінің мүддесін қорғаумен қатар, еңбегін ынталандыруды, денсаулығын нығайтуды басты міндеті санайтын Марат Қоңырбаев бастаған ұжымға алғыстарын жаудырды.




Жезқазған аймақтық білім және ғылым
қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының баспасөз қызметі
















































Жарияланған күні: Жел. 30, 2021
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты