• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • МЕРЕЙЛІ МАРАПАТ

МЕРЕЙЛІ МАРАПАТ







Әлбетте, мыңдаған шәкіртті білім нәрімен сусындатып, жас ұрпақтты салауатты өмір салтын қалыптастыруға жетелейтін дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің маңызы зор екендігі анық. Бұл ретте, былтырғы жылы жетпіс жастың желкенін қиған, ұзақ жыл Ш.Еркінов атындағы орта мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі қызметін атқарып, зейнеткерлік демалысқа шыққан Оңаш Құмаровтың шоқтығы биік. Мектеп оқып жүргенде облыстық, аудандық оқушылар спартакиасында (100, 200 м) жүгіруден және де басқа да сайыстардан облыс чемпионы атанған оның шәкірттері спорттың әр түрінен аудандық, облыстық жарыстардың жеңімпаз-жүлдегері.




Аталмыш орта мектепте біраз жыл бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып еңбек етіп, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіподақтарының ХІІ съезіне облыстан делегат болып қатысты. «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.


Әрине, білім беру саласында мұғалім, оқытушы жас ұрпақты тәрбиелеу жолында еселі еңбек етсе, кітапханашылар да сондай қажырлы қызмет атқарады. Осы орайда, биылғы жылы алты ондықтың белесіне көтеріліп, 1986 жылдан бері Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінде кітапханашы, кадр жөніндегі маман қызметін атқарып келе жатқан Злиха Қуанышеваның еңбегі зор. Ендеше, осындай еселі еңбек еткен қызметкерлерді ұлықтап, оларға құрмет көрсетсе керемет емес пе?! Соған сай, таяуда ауданға арнайы іссапармен келген «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Қылышбай Сүндетұлы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қолы қойылған «Еңбек ардагері» медалін жоғарыда айтқан Оңаш Құмаров пен Злиха Қуанышеваға салтанатты түрде табыс етті. Еселі еңбектің елеп, марапаттап жатқан жоғары басшылыққа риза болған қос әріптес шынайы алғыстарын жаудырды. Сондай-ақ, Төраға Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп кітапханасына облыстық салалық кәсіподақ ұйымының баспа өнімдерін сыйлады.


Сонымен қатар, осы күнгі кездесу барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Өтепберген Әділовте білім беру саласын дамытуға қосқан көп жылғы еңбегі үшін «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ-нің Алғыс хатымен мадақталды.







































Жарияланған күні: Ақп. 8, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты