• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ТӘРБИЕШІЛЕР СЫНҒА Т…

ТӘРБИЕШІЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ







Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің кәсіби шеберлігі мен біліктілігін шыңдау және шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында «Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ Балқаш қалалық білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Әсем Айтжанова қоңыр күзде «ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ» конкурсын ұйымдастыруды жоспарлады. Бүгінде қалалық конкурстың іріктеу кезеңі басталып кетті.




Бүгін Балқаш қаласының «Балдырған» бөбекжайының ұжымы қалалық байқауда балабақшаның намысын қорғайтын тәрбиешіні анықтады. «Таныстыру», «Ертегі кейіпкерін сомдау», «Тәрбие туралы монолог» сияқты шығармашылық тапсырмаларды мүдірместен орындаған «Ақжелкен» тобының тәрбиешілері Анар Жумашева, Алтынкүл Божанова, «Балапан» тобының тәрбиешілері Нұрай Мәдениет пен Лаура Маркабаева, «Гүлдер» тобының тәрбиешісі Ботагоз Маратқызы педагогикалық жағдаяттарды шешу бойынша да сынасты. Сонымен бірге, олар педагогика және психологиялық теориясы мен әдістемесі білімдерін тексеруге арналған тестілеуден өтті.


Байқау алаңында жолыққан тәрбиешілердің түгелі кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәрбие процесінде инновациялық әдістерді кеңінен қолданатын, шығармашыл әрі ізденпаз екендерін байқатты. Әр тапсырмаға асқан жауапкершілікпен дайындалған бала жанының бағбандары ішінен Нұрай Мәдениетқызы суырылып шықты. Жас та болса алдыңғы толқын тәрбиешілердің тағлымы мен тәлімін бойына сіңірген Нұрайға әріптестері қалалық сыннан сүрінбей өтуге тілекші.




«Үздік тәрбиеші» байқауында Бас жүлдені иеленген тәрбиеші Қарағанды қаласында өтетін облыстық конкурсқа жолдама алмақ. Жалпы, Балқаш қаласы бойынша барлығы 14 тәрбиеші бақ сынасады.Біз өз кезегімізде еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпаққа саналы тәрбие беруді міндет тұтқан әріптестерімізге алғыс білдіре отырып, асықтары алшысынан түсуін тілейміз!




















Жарияланған күні: Ақп. 10, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты