• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • МАҢҒЫСТАУДА АТҚАРУ …

МАҢҒЫСТАУДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ



Маңғыстау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы Атқару комитетінің ағымдағы жылдың алғашқы мәжілісін өткізді. Мәжілісте санитарлық талаптарды сақтай отырып Ақтау, Жаңаөзен қалалық және аудандық кәсіподақ Филиалдары мен аппарат мүшелері қатысып, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады. Отырысқа Кәсіподақ төрағасы Тәрбия Байымбетова төрағалық етті.




Кәсіподақ төрағасы Атқару комитетінің назарына 2021 жылғы қызмет қорытындыларын ұсынып, қол жеткен нәтижелер мен жұмыс бағыттарына, жіберілген кемшіліктерге тоқталды. Бұдан соң Комитет мүшелері облыстық ұйымның 2022 жылға жұмыс жоспарын нақтылап, бекітті. Жоспарда ҚР кәсіподақтар федерациясының шешімімен «Әлеуметтік әріптестік жылы» аясында сала өкілдерінің еңбек қатынастарын реттеумен байланысты Келісімдер мен ұжымдық шарттарда көзделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғап, лайықты жалақы алуға, семинарлар мен кездесулер өткізу арқылы құқықтық білімдерін жетілдіре түсуге бағытталған іс-шараларға басымдық берілді.




Жиында Жергілікті кәсіподақтың жұмыс жоспарын жүзеге асырудың алғашқы қадамы ретінде 2021-2023 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік актілеріне енгізілетін өзгертулер мен толықтырулардың жобасы талқыланды. Еңбек заңнамасындағы өзгерістерге байланысты қажеттігі туындап, облыстық Келісімге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасымен - құқықтық қызметтер бойынша бас маман Наталья Храмова таныстырып, көпшіліктің талқысына салды.




Бұдан соң күн тәртібіне сәйкес «2021 жылдың қорытындысы бойынша кәсіподақ ұйымы мен мүшелігінің статистикалық есебі туралы» кәсіподақтың кадр жөніндегі маманы Лаура Сарсенғалиева «2022 жылға арналған кірістер мен шығыстар сметасын бекіту туралы» бас есепші Инна Муха, «Облыстық кәсіподақ ұйымында іс қағаздарын жүргізу бойынша Нұсқаулықты орындау, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмыс жағдайы туралы» құқықтық қызметтер жөніндегі бас маман Наталья Храмова мәліметтер берді.




Атқару комитеті бұдан бөлек сала қызметкерлері мен олардың отбасы өкілдері үшін 2022 жылға арналған сауықтыру шаралары, Кәсіподақтың Жаңаөзен қалалық және Мұнайлы, Бейнеу аудандық филиалдарындағы кәсіподақ жарналарының жиналуы мен бухгалтерлік есептің жүргізілуін тексеру нәтижелері бойынша Бақылау-тексеру комиссияларының жұмысын зерделеу, кәсіподақтық марапаттаулар туралы бірнеше ұйымдастыру мәселелеріне байланысты сұрақтарды талқылап, қарады.




Барлық қаралған сұрақтар бойынша Қаулы қабылданып, орындаушыларға міндеттер мен жауапкершіліктер жүктелді.




Салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы

Жарияланған күні: Ақп. 14, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты