• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БАЛҚАШ ҰСТАЗДАРЫ – …

БАЛҚАШ ҰСТАЗДАРЫ – ЖАН-ЖАҚТЫ!



Мәлік Ғабдуллиннің «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» деген ұстанымы бүгінде өзектілігін жоймады. Ұстаздар қауымы алдына келген шәкірттерінің бойына білім нәрін сеуіп, адамгершіліктің асыл құндылықтарын сіңірумен қатар әдептілік пен әсемдікке, шығармашылыққа баулиды. Осы орайда бүгінгінің ұстазына қойылар талап – зор. Сондықтан, «Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ желілік кестесіне сәйкес Балқаш қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы білімін шыңдау жолында күнбе-күн ізденісте жүрген әріптестері үшін «Әйел – ана, әйел – ару, әйел – гүл» тақырыбында конкурстық бағдарлама ұйымдастырды.



Көктемнің жайдарлы мерекесі Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған шаралардың легі барлық білім және тәрбие беру нысандарын қамтыды. Нәзік жандыларды бір сәтке күнделікті күйбең тірліктен алыстатып, қуаныш сыйлаған сондай мерекелік бағдарламаның №24 мектеп-интернаты қабырғасында өткеніне куәгер болдық.



Үйреншікті мектеп формасын түрлі-түсті, өз қолынан шыққан көйлекке алмастырған қатысушылардың жүріс-тұрысы, киім киісі мен сөйлеу мәнері сыналған шарада ой ұшқырлығы мен тереңдігіне, талантына да баса назар аударылды.



Қиялына ерік беріп, қолда барды іске жаратқан сәнқойлардың киім үлгісі мен шығармашылық үй жұмысын орындауында ешбір мін табылмады. Викториналық сұрақтар мен жағдаятты шешу кезеңінен де сүрінбей өтті. Қатысушылардың бәрі бірдей бас жүлдеге лайық болған соң, қазылар алқасы оларды бөліп жармай, түрлі номинация тағайындады. Осылайша, «Әйел – ана, әйел – ару, әйел – гүл» конкурстық бағдарламасының жоғары деңгейде өтуіне ұйытқы болған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Динара Самбетова әріптестерін Алғыс хат және естелік сыйлықпен марапаттады.



Марапаттау салтанатында сөз алған мектеп басшысы Альмира Мусина әріптестерін жаңа қырынан танытып, жас мамандардың ұжымға сіңісіп кетуіне жол ашқан шараның тәрбиелік мәніне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, тәлімді бастамалар мен мазмұнды шаралардың басы-қасынан табылатын кәсіподақ белсенділеріне деген ризашылығын білдірді.



«Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-нің баспасөз қызметі

Жарияланған күні: Наурыз 15, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты