• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҰЛЫТАУДА ӘДІСТЕМЕЛІ…

ҰЛЫТАУДА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТТІ



Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі Жолдауында Ұлытау облысы құрылатынын сүйіншіледі. Бұрынғы Жезқазған, бүгінгі Ұлытау облысы аумағын қамтып отырған аймақтағы жалғыз қоғамдық ұйым Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы ақжолтай хабарды қуанышпен қабылдап, жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Ұлытауға жол тартты.



Ұлытау аудандық кәсіподақ филиалы мен оның бастауыш кәсіподақ ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетуді мақсат еткен сапар барысында кәсіподақ мүшелерімен жолығу да жоспарланды. Ревизиялық комиссияның төрайымы Сәтбаев қалалық кәсіподағының бухгалтері Татьяна Литвинчук пен бас бухгалтер Сәмет Досетова есеп-қисап жүргізу мен құжаттарын рәсімдеу бойынша жас маман Айым Башароваға бағыт-бағдар нұсқаса, Дархан Жақыпбек ұстаздар қауымы мен өзге де қызметкерлерге заңгерлік көмек көрсетті.



Ақпараттық-ұйымдастыру жұмысының маманы Диана Оразалина кәсіподақ мүшелерін ынталандыруға бағытталған шараларды өткізу бойынша түсіндіру жүргізіп, ақпараттандыру жұмысын жолға қоюды ұсынды. Жетекші маман Медет Ерназаров білім беру нысандарындағы еңбек қауіпсіздігінің сақталуына қоғамдық бақылау жүргізді.

Қанат Жылқыбаев бастаған аймақтық кәсіподақтың жұмыс тобы Әлеуметтік әріптес жылы аясында Ұлытау ауданы білім бөлімінің ұжымымен жолықты. Дөңгелек үстел басында өрбіген әңгіме барысында кәсіподақтың ұсынысы бойынша білім қызметкерлеріне жыл сайынғы медициналық тексерісті тегін өту мүмкіндігін ұсынған жергілікті атқарушы билік өкілдеріне алғыс айтылды. Алдағы күні де ұстаздардың мүддесі жолында бірлесе жұмыс жасауға уағдаласқан тараптардың келелі кездесуінің соңында Балгүл Бейсембаеваның кеудесіне «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі тағылды. 1962 жылы Жезқазғанда теміржолшы отбасында туған Балгүл Қаденқызы еңбек жолын мұғалімдіктен бастады. 1986 жылдан бері табан аудармастан аудандық білім бөлімінде абыройлы еңбек етіп жүрген ол білім сапасын жоғарлату мен педагогтерді бағдарлауда қосқаны қомақты. Кәсіподақ қозғалысын дамытудағы үлесі де мол.



Жұмыс тобының әдістемелік көмек көрсету жұмысы одан әрі «Өркен» балабақшасы мен балалар мен жеткіншектердің спорт мектебінде жалғасты. Жүзге тарта ұлытаулық бүлдіршінді саналы тәрбиемен қамтып отырған «Өркен» ұжымы мен ел намысын дүбірлі додаларда асқақтататын бокс, күрес, волейбол мен баскетбол, теннис чемпиондарын баптап жатқандардың ұсыныс-тілектері тыңдалып, сұрақтарына тұщымды жауап берілді. Ұлытаулық әріптестердің басым көпшілігін кәсіподақ тарапынан жеңілдікпен ұсынылатын жолдамалар қызықтырды. Жолдамалар алдын ала тапсырыс беру арқылы үлестірілетіні, кәсіподақ мүшесі үш жылда бір рет қана жеңілдікті пайдалана алатыны ескертілген ойталқының соңында кәсіподақ белсенділері Элмира Ершуманова, Күнсұлу Баянбекова, Патимат Кулинбаева, Дархан Оспанов, Марғұлан Сәбденов, Есілбай Өжкенов, Лиза Шыныбекова мен Ершат Оразалы Төраға Марат Қоңырбаевтың Құрмет грамотасымен марапатталды.



Кәсіподақ тарапынан жыл он екі ай қолдау мен қамқорлық көретінін жасырмаған ұлытаулық әріптестер еңбек адамын қорғап, еселі еңбекті лайықты бағалап жүрген Қазақстандық салалық кәсіптік одағы мен Жезқазған аймақтық кәсіподақтың көшбасшыларына ризашылықтарын жеткізді.



Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіпoдағының баспасөз қызметi

Жарияланған күні: Наурыз 18, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты