• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ…

БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ БАСКЕТБОЛ ЖАРЫСЫ



2022 жылдың 24 -25 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының «№ 3 жалпы білім беретін аралас орта мектебі» КММ және «№ 4 жалпы білім беретін аралас орта мектебі» КММ спорт залдарында аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен білім қызметкерлері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған баскетболдан жарыс өткізілді.



Жарыстың мақсаты:

- Аудан көлемінде мұғалімдер арасында баскетболды кеңінен насихаттау;

- Дене шынықтыру мен спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттау;



Жарысқа 10 команда қатысты. Олар: № 1 орта мектебі,Д. Бабатайұлы атындағы орта мектебі,№ 3, № 4, № 5, № 6 орта мектептері, К. Бозтаев атындағы орта мектебі,мектеп – гимназия,мектеп – лицей,С. Ғаббасов атындағы орта мектебі командалары.



Ауа-райының қолайсыздығына байланысты, ауылдық округтердегі мектептердің командалары жарысқа қатыса алмады. Жеребе арқылы командалар 3 топқа бөлінді. Жарыс жоғарғы дәрежеде өтті. Ақтық ойындарға «№ 1жалпы білім беретін орта мектебі»КММ, «№ 4 жалпы білім беретін аралас орта орта мектебі» КММ, «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп гимназиясы» КММ командалары шығып,жүлделі орындарды сарапқа салды.



Ақтық ойындарда жақсы ойын көрсетіп, І орынды «№ 4 жалпы білім беретін аралас орта орта мектебі» КММ командасы, ІІ орынды «№1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ командасы, ІІІ орынды «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп гимназиясы» КММ командасы иеленді.



Жарыстың «Ең үздік ойыншысы» болып «№ 4 жалпы білім беретін аралас орта орта мектебі» КММ командасының ойыншысы А.Қананов, «Үздік қорғаушы» болып «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп гимназиясы» КММ командасының ойыншысы Б.Шумаков, «Үздік шабуылшы» болып «№ 1жалпы білім беретін орта мектебі»КММ командасының ойыншысы А.Махатов танылды.



Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер және үздік ойыншылар аудандық білім және ғылым беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің кубоктарымен,бағалы сыйлықтарымен, медальдарымен,мақтау қағаздарымен марапатталды.



С.Ещанова,

Аягөз аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы.

ШҚО.

Жарияланған күні: Наурыз 26, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты