• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ…

БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ



23 – 25 наурыз аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Ақжайық» спорт сарайында Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелері арасындағы VI – шы «Денсаулық» спартакиадасы өткізілді.



Шараның мақсаты – кәсіподақ мүшелері арасында Кеңес Одағының батыры М. Мәметованың 100 жылдығын атап өту және кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру мен бірлігін нығайту, білім және ғылым қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау.



Спартакиаданың ашылуында құттықтау сөз сөйлеген Батыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов «Биыл Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың туғанына – 100 жыл толуына орай, «Орал» халықаралық әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді» - деп атап өтіп, білім саласының облыстық кәсіподақ мүшелері арасындағы спартакиадаға қатысушыларға сәттілік тіледі.



Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова, кәсіподақ мүшелерінің арасындағы «Денсаулық» спартакиадасы жоғары дәрежеде өткізіліп, оған тек мұғалімдер ғана емес, барлық қызметкерлер де қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға атсалысып отырғанына өз алғысын білдірді және бұл шараның осымен алтыншы жыл қатарынан ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.



Ал, БҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаев жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, жыл сайын өткізілетін дәстүрлі облыстық VІ–шы «Денсаулық» спартакиадасына арнайы шақырумен келген қонақтарға, ардагер – ұстаздарға алғыс білдірді.

Ұйымдастырылған спорттық – көпшілік шараға барлығы 18 құрама команда қатысып, спорттың волейбол және үстел теннисі ойындарынан бақ сынасты.



«Денсаулық» спартакиадасының ережесіне сәйкес, волейбол ойыны бойынша 1 орын – Жаңақала ауданы; 2 орын – қалалық № 14 мектебі; 3 орын – Бөкейордасы ауданы иеленді. Үстел теннисінен І орын – Казталов ауданы, ІІ орын – қалалық № 14 мектебі, ІІІ орын – қалалық № 24 мектебі иеленді.



Білікті төрешілердің саралауы бойынша спортшылар арасынан үздік ойыншылар да анықталып, заттай сыйлықтар және грамоталармен марапатталды. Олар, «Үздік» волейбол ойыншылары – Данияр Бакишев (қалалық № 14 мектеп), Хайрушев Темірлан (Жаңақала ауданы), Саматов Алихан (Бөкейордасы ауданы). «Үздік» үстелді теннис ойыншылары – Дәрменов Мақсот (қалалық № 24 мектебі), Набиев Асылбек (қалалық № 14 мектебі), Сейфулла Махаббат (Казталов ауданы).



Екі күнге созылған облыстық VІ-шы «Денсаулық» спартакиадасының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте: 1 орын – № 14 мектебіне, 2 орын – Казталов ауданына, 3 орын – Жаңақала ауданына берілді.



Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы І орын иеленген қалалық № 14 мектебі құрама командасына «Ақжайық» шипажайына тегін 10 жолдама және жүлделі орындар иеленген құрама командаларға кубоктар мен заттай естелік сыйлықтар табыстады.



Батыс Қазақстан облыстық білім және

ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы

Жарияланған күні: Наурыз 28, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты