• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ –…

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – КӘСІПОДАҚ ҚОЛДАУЫ



​Жуырда «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы Қызылқоға аудандық аграрлы-техникалық колледжі ұжымымен кездесті. 1959 жылы ірге тасы қаланған білім ордасы аудандағы жастарға орта біліммен қатар бастауыш кәсіптік білім беретін бірден-бір оқу орны. Колледж облыс, аудан экономикасының қажеттілігіне қарай ауыл шаруашылығы, энергетика, қызмет көрсету салалары бойынша мамандар дайындаумен айналысады және ауылдық жердегі жастарды кәсіби даярлау мен жұмысшыларды қайта даярлаудың аудандық орталығы болып есептеледі.



Колледжі студенттерінің білім сапасы мен тәрбиесін арттыруда әкімшілікпен бірлесе отырып, 68 инженер-педагог пен қызыметкерлердің басын біріктіретін бастауыш кәсіподақ ұйымы (төрайымы Оспанова Гүлбану Сабырқызы) бірқатар саяси-ұйымдастыру шараларын өткізіп келеді. Төрағамен болған кездесуде кәсіподақ ұйымының жұмысы жан-жақты талқыланды.

​

Өз кезегінде салалық облыстық ұйымының жетекшісі Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы әңгіме қозғап, еліміздің қоғамдық-саяси жүйесінде орнығатын жаңа реформалық өзгерістерге тоқтала кетті. Президенттің «Қоғамдық ұйымдардың қызметі елімізді орнықты және жан-жақты дамытудың тағы бір маңызды факторы саналады. Үкіметтік емес ұйымдар маңызды әлеуметтік мәселелерді ұдайы көтеріп, оларды кешенді түрде шешуге септігін тигізіп келеді» дегені, аталмыш өзгерістерді жүзеге асыру жолында қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде кәсіподақ ұйымдарына да үлкен міндеттер жүктеліп отырғаны анық.



Жиналыста колледж директорының м.а Шалқар Қасымов, кәсіподақ мүшелері Әлібек Ихсанов, Қайрат Сақтағанов ,Нұржамал Түркістан, Гулфайруз Арқынбаева және т.б сөз сөйлеп, кәсіподақ ұйымының жұмыстарын күшейту бағытында бірқатар ұсыныс, пікір-тілектерін жеткізді.

​

Кездесу соңында «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы Наурыз мерекесіне орай бір топ кәсіподақ белсенділеріне облыстық ұйымның Алғыс хаттары мен грамоталарын тапсырып, гүл шоқтарын ұсынды.

Жарияланған күні: Наурыз 28, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты