• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БАЛАЛАР ЖЫЛЫНА – БА…

БАЛАЛАР ЖЫЛЫНА – БАЗАРЛЫҚ



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты аймақта бұл бағытта бірқатар игілікті шаралар жүзеге асып жатыр. Соның айғағындай бүгін, 28 наурыз күні «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі тоғызқұмалақтан 8 – 10 – 12 жас ұлдар мен қыздар арасында облыстық турнир өткізді. Жарысқа 1 қала және 7 ауданда өткізілген жарыстың жеңімпаздары, атап айтқанда 41 бала 20 жаттықтырушыларымен қатысып, оларға осы ойынның облысқа белгілі қазылар алқасы төрешілдік жасады.



Сайыстың ашылу рәсімінде облыстық салалық және қалалық кәсіподақ ұйымдарының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, Бағытжан Мусағали, Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің VI сынып оқушысы Расул Нұрланұлы және бас төреші Айболат Шораев құттықтау сөз сөйлеп, ақжарма тілектерін білдірді.

Жарыстың басты мақсаты – оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынын дамыту және насихаттау, балалар арасындағы татулықты, достықты нығайту болды.



Жарыстың қорытындысымен 8 жас аралығындағы жүлделі бірінші орынды ұлдар мен қыздар арасында – Еламан Ержанұлы (Атырау қаласы, № 13 Д.Байбосынов атындағы орта мектебі) мен Аяжан Ерболатқызы (Жылыой ауданы, № 3 орта мектебі), екінші орынды – Болат Нұрым (Жылыой ауданы, № 3 орта мектебі) мен Нұрай Мурсалимова (Атырау қаласы, М.Отаралиев атындағы орта мектебі), үшінші орынды – Жайдарбек Мұратбек (Исатай ауданы, Аққыстау орта мектебі) мен Арша Кенжебекқызы (Исатай ауданы, Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектебі) өзара бөлісті.



10 жас аралығындағы жүлделі бірінші орынды ұлдар мен қыздар арасында Райымбек Байғали (Жылыой ауданы, № 3 мектебі) мен Аяулым Жасболатқызы (Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы орта мектебі), екінші орынды – Нұрислам Өтеген (Қызылқоға ауданы, Қарабау орта мектебі) мен Гүлшат Балтабек (Жылыой ауданы, № 3 орта мектебі), үшінші орынды – Рүстем Сайлаубай (Атырау қаласы, № 24 орта мектебі) мен Нарқыз Жасұланқызы (Исатай ауданы, Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектебі) өзара бөлісті.



12 жас аралығындағы жүлделі бірінші орынды ұлдар мен қыздар арасында – Расул Нұрланұлы (Б.Нысанбаев атындағы орта мектебі) мен Аружан Аязбай (Индер ауданы, Аққала орта мектебі), екінші орынды – Алихан Жұмағали (Индер ауданы, Аққала орта мектебі) мен Ақнұр Игілік (Жылыой ауданы, № 3 орта мектебі), үшінші орынды – Санжар Жақау (Жылыой ауданы, № 8 орта мектебі) мен Амира Қонысқали (Атырау қаласы, № 24 орта мектебі ) өзара бөлісті.



Жарыстың жеңімпаздары облыстық салалық ұйымның дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ Алғыс хаты табыс етілді.



«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ

Жарияланған күні: Наурыз 28, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты