• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • «ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ ҰС…

«ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ ҰСТАМЫ ЖАҚСЫ» ҮРЖАР АУДАНЫНДА «ӨНЕГЕЛІ ӨМІРДІҢ БАСТАУЫ – ҰСТАЗДАР» АТТЫ САЙЫС ӨТТІ



Адам баласы ұстаз ұғымын ұлықтамаса тәлімсіз, қағидасыз қалып, адамдық келбетін айқындай алмай тығырыққа тірелетіні сөзсіз. Терең ойлы ғалым да, от тілді ақын да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ұстаздың алдынан білім алып, тәрбиесін көретіні белгілі. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл – қыздарына сапалы білім, саналы тәрбие беруде талмай еңбек етіп жүрген ұстаздар арасында олардың шеберліктері мен шығармашылықтарын көріп, саралап, өзге педагогтарға үлгі болу мақсатында Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында қарасты білім бөлімі басшысы Жүнісова Сауле Орынбайқызы мен аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Жынғылбаев Жанболат Жұмагелдіұлының бастамасымен Үржар ауданының білім беру ұйымдары, оның ішінде орта, негізгі мектептер мен балабақша арасында бірнеше номинация бойынша «Өнегелі өмірдің бастауы –Ұстаздар» атты байқауы өтті.



Өз бағын сынап, шеберлігін шыңдағаан ұстаздар, өз өнерлерін көрсетіп сынға түсті. Сайыс нәтижесінде оқ бойы озық болып, «Абылайхан орта мектеп –бақша» КММ «Үздік мектеп» номинация бойынша бас жүлдені иеленді. Осы номинация бойынша шағын кешенді мектеп арасындағы жүлдені «Кішкенетау негізгі мектеп-бақшасы» КММ ұтып алды.



«Жыл мұғалімі» номинациясы бойынша «Кішкенетау негізгі мектеп-бақшасы» КММ 17 жыл еңбек өтілі бар, педагог-зерттеуші, бастауыш сынып мұғалімі, Шакенова Мәнсия Оралқызы бас жүлде иегері атанса, «Үздік сынып жетекшісі» номинациясы бойынша бас жүлдені аталған мектептің 8 жыл еңбек өтілі бар, педагог- модератор, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сағындықова Самал Тоқанқызы жеңіп алды.



Жеңімпаз педагогтар өз білімі мен шебер маман екенін әр ісінде дәлелдеп отырды. Сайыс жеңімпаздарына 3 салалы түрлі-түсті принтер құрылғысы сыйға тартылды және Алғыс хаттарымен марапатталды.



Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субъектілерінің құзырлылығын дамыту, заманауи біліммен келешек ұрпақты сусындандыру, жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісіп, әріптестеріне үлгі болған марапат иелеріне алдағы уақытта сәттілік тілейміз.



Ж. Жынғылбаев,

Семей аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің

филиалы Үржар аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы


Жарияланған күні: Сәуір 4, 2022
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты