• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТ…

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК



Жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Қызылорда облыстық ұйым аудандық кәсіподақ филиалдары мен оның бастауыш ұйымдарына құқықтық және әдістемелік көмек көрсету мақсатындағы жұмыс сапарын бастады.



Жұмыс барысы негізгі 3 бөлімде жүргізілетін болады. Олар: кеңейтілген комитет отырысы, қоғамдық қабылдау және семинар.



Алғашқы кезең Арал ауданында бастау алды. Бірінші жұмыс күні білім беру ұйымдарын аралап, қоғамдық қабылдау өткізілді.

Онда кәсіподақ мүшелерінің көкейіндегі толғандырған мәселелерімен 200-ден аса сала қызметкерлерімен кездесіп, барлық сауалдарға қолданыстағы заң аясында түсіндірме жүргізілді.



Қабылдау барысында сала қызметкерлері ауылдық жерде жұмыс жасағаны үшін берілетін 25 % қосымша есепшілерге, зертханашыларға, бағдарламашыларға да берілсе деген ұсыныстарын жеткізді.



Әрі қарай облыстық ұйым төрағасының орынбасары Нургүл Утегенова кеңейтілген комитет отырысын ашып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауына тоқталып, қазіргі уақытта үкіметтік емес ұйымдар жұмысының жандануына көп мән беріліп жатқанын жеткізді.



Сонымен қатар, Нүргүл Утегенова: «Кәсіподақ еңбек заңнамасы мен әлеуметтік әріптестік актілерінің орындалуына қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша қарқынды жұмыс жүргізгіп келеді. Өткен жылға Құқықтық қызмет жөніндегі мамандарымен 3000 - нан аса өтініш қаралды. Нәтижесінде 2021 жылға экономикалық тиімділік 14495927 теңгені құрады. Барлық дұрыс есептелмеген қаражат кәсіподақ мүшелерінің пайдасына қайта өндіріліп берілді. Биылғы жыл басынан 400 ге жуық кәсіподақ мүшесіне құқықтық кеңес жүргізілді. Әріптестеріміздің басты уәжі еңбекақыға қатысты болып отыр. Бұған дейінде ұйым заңгерлері білім беру ұйымдарын аралап, Шиелі, Жаңақорған аудандарында кәсіптік білім беру ұйымдары мен орта мектептеріндегі даулы жағдайлардың оңтайлы шешілуіне қол жеткізді» деп атап өтті.



Жиын барысында Арал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жұмабай Мирманов 2019-2024 жылдарға арналған бағдарламасының шешімдерін жүзеге асыру бойынша Арал аудандық кәсіподақ комитетінің қызмет ету тиімділігін одан әрі арттырудың міндеттері мен шараларына тоқталып, өткен жылға атқарылған жұмыстар есебін берді.

Сонымен қатар облыстық ұйым заңгерлері Хамит Тарбақов пен Ербол Жұбатханов кәсіподақтың белсенді мектебін жандандыру, бастауыш кәсіподақ төрағаларының құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға әдістемелік көмек беру жұмыстарын жүргізді.



Отырыс соңы бастауыш кәсіподақ төрағалары тарапынан шешілмей жүрген мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарымен жалғасып, жұмыс барысында қолдануға арналған «Еңбек қатынастары бойынша сұрақ - жауап», «Кәсіподақ қызметкерлерінің этикасы туралы ереже» методикалық кітапшалары үлестірілді.

Жарияланған күні: Сәуір 11, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты