• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛ…

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ – 2022»



«Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Ескелді аудандық филиалы мен Ескелді аудандық білім бөлімі бірлесіп, «Жылдың үздік мұғалімі – 2022» байқауын ұйымдастырды.



Т. Рустембеков атындағы орта мектепте өткен шараға 24 ұстаз қатысты. Шараны аудандық білім бөлімінің басшысы Мұрат Бектұров ашып, педагогтардың қоғамдағы рөлі, жауапкершілігі мен атқаратын жұмысын тізбектеп, байқаудың мақсаты мен міндетін нақтылады. Байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп, өзінің жылы лебізін білдірді.



Шара үш кезеңді қамтыды. Алғашқы кезеңді қатысушылар байқау ережесіне сәйкес алдын-ала жолдады. Тағайындалған қазылар алқасы жинақталған портфолионың нәтижесін таныстырып, қысқаша пікірлерімен бөлісті.

Ал, екінші кезеңде ұстаздар кезекпен жұмыс жүйесінің моделін көрсетті. Презентация арқылы білім саласында қолданылып жүрген әдістерін көрсетіп, тәжірбиелерімен бөлісті. Соңғы кезеңде мұғалімдер дайындалған сұрақтарды таңдап, жауап берді.



Байқау қорытындысында қазылар алқасының атынан аудандық оқу-әдістемелік орталығының аға әдіскері Назгүл Мұқажанова сөз алып, мұғалімдердің бағыты мен бағдарын айтып, ізденістерін жоғары бағалады.



Нәтижесінде негізгі орта мектептер арасында:



І орынды Мелькомбинат негізгі орта мектебінің мұғалімі - Сақбаева Ақмарал Бағдатқызы, ІІ орынды Кошевой атындағы негізгі орта мектебінің мұғалімі Рахимова Айжан Даулетханқызы еншіледі.



Орта білім беру мектептері арасында:



І орынды Алдабергенов атындағы орта мектебінің мұғалімі Степаненко Елена Ивановна, ІІ орынды Шестаков атындағы орта мектебінің мұғалімі Карипбаева Айман Сапатайқызы, ІІІ орынды Жетісу орта мектебінің мұғалімі Қожахметова Гүлім Махмұтқызы ие болды.



Сонымен қатар, бірқатар педагог «Үздік портфолио», «Креативті педагог», «Үздік инновациялық тәжірибе», «Шығармашыл педагог», «Ізденімпаз ұстаз» сынды номинацияларды иеленді.

Ескелді аудандық филиалдың есепшісі Гүлнар Байсақова барша жеңімпаздарды құттықтап, кәсіподақ тарапынан І орынды иеленген Степаненко Елена Ивановнаға «Жаркент-Арасан» шипажайына жолдама табыстады. ІІ - ІІІ орынды және номинацияларды иеленген ұстаздарға сый-сияпаттар табыс етілді.



Алматы облыстық білім, ғылым және

бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің

жергілікті кәсіподағының баспасөз қызметі

Жарияланған күні: Сәуір 12, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты