• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖУАЛЫДА КЕЛІСУ КОМИ…

ЖУАЛЫДА КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ


Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияның мәжіліс залында облыстық білім басқармасы мен Жергілікті кәсіподақтың облыстық ұйымы арасында 2021-2023 жылдарға қабылданған әлеуметтік әріптестік актісі және оған енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды насихаттау, тәжірибеде қолдану сұрақтары талқыланғаннан кейін Жергілікті кәсіподақтың аудандағы күндері аясында «Еңбек даулары және оларды шешудегі келісу комиссиясының рөлі. Еңбек дауларын сотқа дейін қарау тәжірибесі» тақырыбында семинар өтті. Cеминарға аудандағы білім мекемелері мен ұйымдарында құрылған Келісу комиссиясының мүшелері қатысты.


Алғашқы болып сөз алған Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков қолданыстағы Еңбек кодексінде жеке еңбек дауын шешу үшін алдымен Келісу комиссиясына барып, одан кейін ғана сотқа жүгіну тәртібі көзделгенін, сонымен бірге, Еңбек кодексінің 159-бабының 8-тармағына сәйкес Келісу комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, еңбек дауларында келіссөздер жүргізу және консенсусқа қол жеткізу дағдыларын дамыту бойынша жыл сайынғы оқытудан өтуге міндетті екенін айтып өтті.


Мұнан соң Бас құқықтық инспектор Берік Баймағамбетов Келісу комиссиясы қызметінің құқықтық негіздері туралы ақпаратпен бөлісті. Семинарда Кәсіподақтың құқықтық және кадр қызметінің бас маманы Әлия Джолшибекова «Келісу комиссиясын құру мен комиссияның жұмыс тәртібі туралы. Комиссияның іс-құжаттарын рәсімдеу мен жүргізу тәжірибесі» туралы дәріс өтті.


- Жеке еңбек даулары ҚР ЕК 159-бабына сәйкес келісу комиссиясымен қаралуы тиіс. Жеке еңбек дауын шешу жөніндегі келісу комиссиясы тұрақты қызмет атқаратын орган болып табылады және заңды тұлға мәртебесіндегі әрбір білім және ғылым ұйымдарында құрылып, кәсіподақ комитеті мен ұйым әкімшілігі өкілдерінің бірдей санынан жасақталады. Әрбір тараптан өкілдер саны еңбек ұжымының санына байланысты белгіленеді. Комиссия мүшелерінің нақты саны, оның жұмыс тәртібі, мазмұны мен шешімдер қабылдау тәртібі ұйым басшысы мен кәсіподақ комитетінің арасында жазбаша келісім бойынша белгіленеді, болмаса ұжымдық шартпен анықталады, - деді Әлия Джолшибекова.


Семинар барысында Келісу комиссиясының тұрақты қызмет атқаратын орган екені, яғни, ол жеке бір дауды шешу үшін емес, ұйым қызметінде туындауы мүмкін барлық жеке еңбек дауларын шешу үшін құрылады және бір дауды шешумен оның қызметі тоқтап қалмайтыны да айтылды.
Семинар барысында «Жеке еңбек дауын сотқа дейін шешудің тиімділігі» тақырыбында практикум ұйымдастырылып, тыңдаушылардың қатысуымен рөлдік ойындар ойнатылды. Семинардың барлық қатысушыларына игерілген тақырып бойынша әдістемелік құралдар және Келісу комиссиясының мүшелеріне оқудан өткендігін растайтын сертификат берілді.


Кәсіподақтың Жуалы ауданындағы күндері аясында сала қызметкерлерін жеке сұрақтар бойынша қабылдау өтті. Қабылдауда болғандардың басым бөлігін жалақы, аттестация, ротация, қосымша ақы төлеу сынды еңбек қатынастарының өзекті мәселелері аясындағы сұрақтар толғандырған.


Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының баспасөз қызметі.

Жарияланған күні: Сәуір 15, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты