• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • АЯГӨЗДЕ КІШІ ТЕХНИК…

АЯГӨЗДЕ КІШІ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ



ШҚО Аягөз аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Атқару комитетінің шешімімен 2011 жылдан бастап 15-сәуір «Кіші техникалық қызметкерлер күні» деп белгіленген. Осыған орай ауданның барлық ұйымдарында мерекелік іс-шаралар өткізіледі. ШҚО, Аягөз қаласы «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-де 15-сәуір – кіші техникалық қызметкерлер күніне орай 16-сәуірде кіші қызметкерлер арасында «Ойлы болсаң, озып көр » атты сайыс өтті.



Сайыстың мақсаты - кіші қызметкерлерді мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне құрмет көрсету. Сайыс төрт кезеңнен құралып, «Сәлем – сөздің атасы» кезеңінде топтар өз атауларын қорғап, киім үлгілерін таныстырды. Екінші кезең «Бәйге» деп аталып, бұл кезеңде сайыскерлер салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап беріп сынға түссе, «Сән үлгісі» кезеңінде 80-ші, 90-шы жылдарға сай тігілген сән үлгісін көрсетті. Соңғы кезең «Биле-биле» кезеңінде топтық би билеп , өздерінің жан-жақты қырларымен көзге түсті. Мектеп директоры Б.И.Шумаков кіші қызметкерлерге құттықтау сөз сөйлеп, еңбектері үшін алғыс айтты. Сонымен қатар бірнеше кіші қызметкерлерге Аягөз аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мақтау қағаздары мен сыйлықтары табысталды.



«М.Әбеулов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 15- сәуір кіші қызметкерлер күніне орай Мұғалімдер мен кіші қызметкерлер арасында волейболдан ,қол күрестен жарыс ұйымдастырылды. Жеңімпаз командаларға сыйлықтар берілді. Жұмысшы-қызметкерлер өз өнерлерін көрсетті. Әндер шырқалып, көріністер қойылып, ойындар ойналды. Тамаша, көңілді кеш болды.



«Е Рахмадиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ –де де 15 сәуір мектептің кіші қызметкерлер күніне орай мерекелік іс –шара ұйымдастырылды. Мерекеге орай салтанатты жиын өткізілді. Көп жылдар бойы осы салада еңбек етіп жүрген қызметкерлерге алғыс білдірілді. Іс-шара барысында топтық, спорттық жарыстар өткізіліп, соңы мерекелік дастарханға жалғасты.



Кіші техникалық қызметкерлер күніне байланысты осындай іс-шаралар Аягөз аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының басқа да бастауыш кәсіподақ үйымдарында да өткізілді.



Кіші техникалық қызметкерлер күніне арналған мерекелік іс-шаралар басқа аудандарда да жалғасын табады деген үміттенемін.



С.Ещанова,

Аягөз аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы.

ШҚО.


Жарияланған күні: Сәуір 19, 2022
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты