• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ …

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ



Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдуллаұлы 2022 жылдың 18-20 сәуір аралығында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты №13 колледжі мен Түркістан қалалық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұстаздарымен кездесті.



Кездесу барысында Жандос Шайдуллаұлы еңбек дауларының алдын алу және оны шешудегі кәсіподақтың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістер мен тенденциялар туралы бастауыш кәсіподақ мүшелерімен қызу пікір алмасты. Сонымен қатар, еңбек қатынастырын реттеу және ұстаздарымыздың еңбек құқығын қорғау – кәсіподақ назарында екенін ерекше атап өтті.



Кездесу соңында ұстаздар Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымына бастауыш кәсіподақ ретінде мүшелікке қабылдауын және әлеуметтік әріптестік орнатуға ниет білдірді.



25 сәуір күні Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы №19 колледжі бастауыш ұйым ретінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының қатарына қосылды.



Колледж ұстаздары өндірістік оқыту шебері, заман талабына сай өндірістік оқудың әдістерін, ауылшаруашылық өндірісін дамыту бойынша Республика бойынша алдынғы қатарда тұрған кәсіптік колледждердің бірі. Ұстаздар кәсіптік білім берудегі заман талабына сай инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, колледж студенттеріне терең де тиянақты білім беруді мақсат етіп келеді.



Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 5 бастауыш кәсіподағы да Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымының қатарын толықтырды.



Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдуллаұлының Сәуір айының басынан бері жасалған консультативтік жұмыстарының нәтижесінде Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы мектеп-гимназиясы, №15 Төртүл-Төбе жалпы орта мектебі, ЖШС «Ыбырай Алтынсарин» атындағы бастауыш мектебі, «Жұлдыз бөбекжай - балабақшасы» және Ю.Гагарин атындағы №16 мектеп-гимназиясының ұстаздары Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымына бастауыш кәсіподақ ретінде тіркелді.



Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы мектеп-гимназиясы Кентау қаласында ең бірінші құрылған қара шаңырақтардың бірі. Бұл оқу ордасы ҚР еңбегі сіңірген актерлері Асанәлі Әшімов және Райымбек Сейтметов сынды өнер саңлақтарының білім алған ордасы. Жоғарыда аталған 5 бастауыш кәсіподағы мүшелері білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеруде оқыту мен тәрбиенің жаңа инновациялық технологияларын күнделікті жұмысында қолданады.



Жыл сайын бастауыш кәсіподақ ұйымдары Республика бойынша ҰБТ-дан жоғары көрсеткіштерге ие болады. Сонымен қатар, республикалық пәндік олимпиада, ғылыми жобалар бойынша да алдыңғы орындардан көрініп жүр.

Жарияланған күні: Сәуір 26, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты