• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ ҰСТ…

ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ ҰСТАМЫ ЖАҚСЫ



Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы республикалық пәндік олимпиадада жүлделі орындарға ие болған оқушылардың жетекшілерін марапаттады.



Биыл білім бәйгесінде ақтөбелік оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, алғаш рет сапа көрсеткіші бойынша облыстар арасынан көш бастады.



Олимпиаданың республикалық кезеңіне барлығы 110 оқушы қатысып, оның тең жартысы жүлделі орындарға ие болды. Нәтижесінде қоржынымыз 13 алтын, 19-күміс, 27-қола медальмен толықты. Бұл алдымен дарынды шәкірттерін олимпиадаға жоғары дайындықпен жіберген ұлағатты ұстаздардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі деп білеміз.



Әсіресе, Дарынды жасөсіпірімдерге арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты мен М. Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты сияқты өңірдегі іргелі білім ұялары педагогтерінің еңбегі орасан зор. Білім ордаларында еңбек ететін педагогтердің бір емес, бірнеше шәкірті олимпиада жеңімпазы атанып, өңір мерейін асқақтатты.



Бүгін Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Раушан Серікова аталған білім ұяларына арнайы барып, олимпиада жүлдегерлерін дайындаған ұстаздарды құттықтады.

«Сіздердің білім додасына қосқан шәкірттеріңіз қатарластарынан оқ бойы оза шауып, жүйрік атанды. Сіздер дарынды балалардың бойындағы шамшырақты жаға білдіңіздер. Білім нәрімен сусындатып қоймай, шығармашылық қабілетін шыңдап, жоғары жетістікке жетеледіңіздер. Осындай адал еңбектеріңіз үшін сіздерге алғыс білдіреміз!»,-деді кәсіподақ төрайымы.



Ал шалғай аудандарда тұратын ұстаздар үшін ZOOM платформасында марапаттау шарасы өтті. Онлайн басқосуға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Н.Бертілеуова, облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының міндетін атқарушы Ж. Скакова және «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары А. Сақып қатысып, ұстаздарға жылы лебіздерін білдірді.

Республикалық пәндік олимпиада жүлдегерлерінің жетекшілеріне облыстық білім басқармасы мен білім кәсіподағының бірлескен алғыс хаты мен қаржы сертификаттары табысталды. Бүгін 22 ұстазға қаржылай қолдау көрсетілсе, бұған дейін аудан көлемінде 50-ден астам педагог марапатқа ие болды. Оның 38-не қаржы сертификаты, 16 мұғалімге шипажайға жолдама берілген болатын.



Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы


Жарияланған күні: Сәуір 29, 2022
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты