• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҚОНАЕВТЫҢ 110 ЖЫЛДЫ…

ҚОНАЕВТЫҢ 110 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ



Тарихта ел ертеңі үшін аянбай еңбек еткен тұлғалардың бірі және бірегейі – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына биыл 110 жыл толды.



Осыған орай, Алматы облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ ұйымы бірлесіп, аймақта Д.Қонаевтың есімі берілген білім ордалары арасында волейболдан облыстық турнир ұйымдастырды.

Еліміздің дамуына зор үлес қосқан, мемлекет және қоғам қайраткері, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өнегелі өмірін насихаттау мақсатында өткен жарысқа Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Панфилов, Кербұлақ аудандары мен Қапшағай қаласынан келген командалар қатысты.



Шара барысында кәсіподақ пен аудандық білім бөлімінің басшылары сөз сөйлеп, ұстаздардың мәртебесі туралы және ұлы тұлғаның өмірі, атқарған қызметіне шолу жасап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирдің бас төрешісі Қайрат Берікболов ойын ережесін таныстырды. Командалар өзара жеребе арқылы қарсыластарын анықтады. Ерлер арасында ұйымдастырылған жарыста жүзден жүйрік шығып, І орынды Еңбекшіқазақ ауданы, ІІ орынды Кербұлақ ауданы, ІІІ орынды Ұйғыр ауданының командалары иеленді.



Жеңімпаздарды «Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Мэлс Төлепбергенов құттықтап, кәсіподақтың атынан Дипломдар, кубоктар және қаржылай сыйлықтарды табыс етті.

Панфилов ауданы мен Қапшағай қаласының командаларына қатысқаны үшін алғыс білдіріп, ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады.



Ертеңінде ХХ ғасырдың заңғар тұлғасы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың мерейтойына орай Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылындағы Д. Қонаев атындағы орта мектепте «Дана тұлға, дара тұлға – Дінмұхамед Қонаев» атты конференция өтті. Аталған жиынға ұлы тұлғаның әріптестері, туыстары, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Мерекелік шара төрт кезеңді қамтыды. Алғашқы кезеңде Түрген ауылдық округінің әкімі Ержан Карибаев сөз сөйлеп, шараны ашық деп жарияласа, білім ордасының ұстаздары мен оқушылары әннен шашу шашып, мың бұрала билеп, Д.Қонаевқа арналған арнауларын оқыды.



«Заман заңғарлары - М.Әуезов, Д.Қонаев» атты кезеңі мектеп ішіндегі мұражайда жалғасын тауып, қоғам қайраткерінің өмір жолы мен қызметі туралы баяндалды.

Сонымен қатар, конференция барысында бейнероликтер көрсетіліп, білім ордасының жетістіктері айтылып, саяси ғылымдарының докторы Толқын Әуелғазина, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Қамнұр Тәлімұлы Д.Қонаев жайында тың деректермен бөлісті.



Шара соңында білім мекемесінің ауласынан «Д.Қонаев аллеясы» ашылып, тал отырғызылды.



«Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ баспасөз қызметі


Жарияланған күні: Мамыр 3, 2022
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты