• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕР…

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА



Қазіргі таңда елімізде кәсіподақтар Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы насихаттау жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Республикалық референдумды кәсіподақ мүшелеріне кеңінен түсіндіруді мақсат еткен кезекті кездесу Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназия» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымында өтті.



Кездесуге «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев, «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының» төрағасы Жандос Шайдулла, Түркістан қалалық кәсіподақтарының төрағасы Диана Тұрманова, «Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназия» директоры Қамбарұлы Уалихан мен кәсіподақ активі қатысты.



Айдар Бахтыбаев негізгі Заңға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, «Референдум — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Яғни, бұл мынау отырған әрбіріміздің Қазақстан Республикасының азаматы ретінде ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға және жан-жақты демократияландыру мен жаңа Қазақстанды құру жөніндегі бағытымызды нығайтуға өз үлесімізді қосуға мүмкіндік болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді жаңғырту бағыты әрқайсымыз үшін тарихи өзгерістердің қатысушысы болуға бірегей мүмкіндік береді. Осы өзгертулерді қолдау мақсатында, баршаңызды азаматтық ұстаным танытып, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуде тыс қалмауға шақырамын» - деді.



Кездесу соңында кәсіподақ мүшелері алда өтетін референдумға қатысты сұрақтар қойып, толыққанды жауаптарын алып, Мемлекет басшысының бастамасын бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.



--------------



Дәл осындай кездесу Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Хамза атындағы №2 жалпы орта мектеп» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымында өтті.



«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев, «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының» төрағасы Жандос Шайдулланың қатысуымен өткен кездесуде кәсіподақ мүшелеріне елімізде жүргізіліп жатқан саяси өзгерістер туралы айтылды. Осы орайда, Мемлекет басшысының бастамаларын қолдай отырып, барша кездесуге қатысушылар азаматтық ұстанымын танытып, алдағы 5 маусымда өтетін референдумға белсене қатысуға шақырылды.



------------------



Тағы бір кездесу барысындаТүркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «М.Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектеп» КММ-нің кәсіподақ мүшелері-ұстаздармен дөңгелек үстел өтті.



Іс-шарада сөз алған аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев, Мемлекет басшысы ұсынған реформа Қазақстанның стратегиялық болашағын айқындайтын бастама екенін, сол себепті ел тағдырын айқындайтын осынау маңызды кезеңде ешкім шет қалмау керектігін алға тартты.



«Референдум – бірлігімізді бекемдейтін айтулы саяси оқиға. Бұл реформалардың мәні – еліміздегі демократияны нығайту, әділетті қоғам орнату, азаматтардың мемлекет ісіне араласу мүмкіндігін арттыру. Міне, сондықтан, Президентіміз Ата заңға енгізілген өзгерістерді халықтың талқысына салып, көпшіліктің шешіміне сүйеніп қабылдауды көздеп отыр. Осы орайда, Мемлекет басшысының бастамаларын қолдай отырып, баршаңызды «Жаңа Қазақстанды» бірлесе құруға шақырамын! – деді Айдар Бахтыбаев.



Жандос Шайдулла Президенттің Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізу туралы ұсынысының маңызы жоғары екенін тілге тиек етіп, бұл реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсететінін айтты.



Шара соңында қатысушылар референдумнан құлағдар болып, алда болатын саяси шараны қолдайтындарын білдірді.



Айта кету керек, 2022 жылдың 5 маусымына жоспарланған референдумға, ұлтына және нәсіліне қарамастан 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының барлық азаматы қатыса алады.

Жарияланған күні: Мамыр 16, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты