• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ӨМІРДІҢ СОҚПАҒЫМЕН …

ӨМІРДІҢ СОҚПАҒЫМЕН ӨРЛЕП КЕЛЕМ...



Кәсіподақ кітапханасы тағы бір жаңа кітаппен толықты. Жуырда Жамбыл ауданының Аса ауылында ұстаз, жазушы-драматург Қайрат Отарбаевтың «Өмірдің соқпағымен өрлеп келем» атты кітабының тұсаукесері өтті. «Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру» орталығында өткен іс-шараға зиялы қауым өкілдері, автордың әріптестері мен шәкірттері, туыстары мен кітапсүйер қауым қатысты.



Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы Рафаэль Ниязбековтың авторға арнаған «Аласарма» атты өлеңімен басталған жинақтың тұсаукесерін Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков пен Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Олжас Баққараев кесіп, авторды және жиналған қауымды туындының жарыққа шығуымен құттықтады.



- Қазақта «Қазаныңда не болса, шөмішке сол ілінеді» деген сөз бар. Кітапқа Қайрат Дәулетқұлұлы өзінің өмірден көргені мен түйгенін арқау етіп, ой-толғамдарын кейінгі буынға үлгі-өнеге ретінде қалдырған. Сондай-ақ, бабалардан келе жатқан мәдени мұраларға, даналық ұлағаттарға ерекше тоқталған. Кәсіподақ өкілі ретінде «Кәсіподағың - қорғаның» бөлімі ерекше қызықтырды. Автор кәсіподаққа қалай келгенін, қоғамдық ұйымның мүшесі, кейінгі жылдары бастауыш ұйым төрағасы, алқалы органдардың мүшесі ретінде өзі мен өзге де әріптестерінің, тіпті құқығы бұзылған басқа сала қызметкерлерінің құқығын қорғағанын әдемі өрнектеген. Алдағы уақытта игі ісіңіз жалғасын тауып, оқырмандарыңыз көп болғай!, - деді Ерұлан Сәбенұлы құттықтау сөзінде.



Кітаптың тұсаукесер рәсімінен кейін орталықтың мәжіліс залында іс-шараға жиналған көпшіліктің қатысуымен авторлық кеш өтті. Әсем безендірілген залдың бір бұрышында Қайрат Дәулетқұлұлының бала кезінен бүгінге дейінгі өмір өткелдері мен жеткен жетістіктерінен хабар беретін фотослайд айналып тұрды. Жүргізуші жігіт сұхбат түрінде автордан кітапқа енген тәлім-тәрбиелік ойларын, оларды оқырман жүрегіне ұялату, туған еліне, жеріне, ұстаздық кәсібіне деген сүйіспеншілік сезімін, күнделікті еңбегінің күрделілігін әрі көп қырлылығын көрсететін әңгімелері туралы сұрады.



Кітап шынайы адамдар мен оқиғаларға негізделгенін айтқан Қайрат Дәулетқұлұлы елеп-ескере келген азаматтарға, кітаптың жарық көруіне демеушілік жасаған кәсіподақ ұйымына алғысын білдіріп, ауданның кітап қорына, кітапханаларға 500 дана кітапты тарту ететінін жеткізді.



Тұсаукесерге қатысқан аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқар Байдалиев, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Аида Қалисаева, Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығының директоры Салтанат Құрманова, жергілікті журналист, жазушы Байтанғали Төлентаев та кітап туралы тұщымды пікірлерін ортаға салып, құтты болсын айтты.



Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

Жарияланған күні: Мамыр 20, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты