• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛ…

КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІНІҢ ҰЛЫЛАР ЕЛІНЕ САЯХАТЫ



Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай ұлылар мекені Жидебайға саяхат ұйымдастырылды. Саяхат - сапардың негізгі ұйымдастырушысы-Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Семей аймақтық ұйымы қоғамдық бірлестігі. Сапарлаушылар Семей аймақтық кәсіподақ ұйымдарының белсенділері.



Алғашқы аялдаған жеріміз – Күшікбай асуы болды. Жалпы Күшікбай асуы жолаушылардың ат шалдырып, демалатын орны. Ұлылар мекеніне сапарлаушы кәсіподақ белсенділері осы жерде қасиетті бұлақтан су ішіп, шөл қандырды. Келесі аялдамамыз Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйі болды. Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің мемлекеттік мемориалдық әдеби-тарихи музейін аралап, Абайды әлемге танытқан заңғар жазушыны да назардан тыс қалдырмады. Мұхтар Әуезов жайлы көптеген құнды деректерге қанығып жер атауының неліктен Бөрілі атанғаны жайлы қызықты ақпараттармен таныстық. Бөрілі – түз тағысы қасқырдың көп болуы себепті берілген атау екен.



Жолай қос ғашық Еңлік –Кебек ескерткішіне тоқтап естелік суретке түстік. Сапардың тағы бір қызықты бағыты Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйі болды.

Мұражай табалдырығын аттаған сапарлаушылар қазақтың бас ақынының ата-тегі, ұрпақтары жайынан сыр шертетін шежірені қызыға тыңдап, әр бөлмедегі күні бүгінге дейін сақталған жәдігерлермен жеке-жеке танысты.



Сол арқылы көшпелі қазақ қауымына, кешегі Абай заманына сапар шеккендей күй кешті. Абай інісі Оспанмен, Шәкәрім ұлы Ахатпен бірге мәңгілік жер бесігінде тербелуде. Ұлы бабалардың рухына тағзым етіліп, құран бағышталды. Абай мен Шәкәрім кесенесін аралап, алыптар рухына тағзым еткен сапар амфитеатрда өз жалғасын тапты. Бұл жерде ақын шығармашылығын дәріптеушілер Шәкәрім университетінің музыкалық білім беру кафедрасының аға оқытушысы, халықаралық конкурстардың лауреаты Тыныбаева Жания Тоқанқызы Абай операсынан Ажардың ариясын, музыкалық колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жолымбетов Ринат Бияшұлы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерін тамылжыта орындап өз өнерлерімен саяхаттаушыларды тәнті етті. Бұл кішігірім концерттен саяхаттаушылар үлкен әсер алып, тебіреніспен шықты.



Қазақ даласының қай жері болмасын тарихқа бай, шежіреге толы. Осы сапар барысында үлкен әсерге бөлеген, тылсымға толы тағы бір кереметтің бірі – «Қоңыр әулие» үңгірі болды. Арнасы белгісіз, жанға шипа суы бар, қысы-жазы бір қалыпта тұратын «Қоңыр әулие» үңгірі туралы айтылған аңыз-әңгімелерді тыңдай жүріп,шипалы суына шомылып, тілек тіледік.



Ұлылар еліне сапар шеккен кәсіподақ белсенділері қазақ руханиятының алтын бесігі болған «Семей-Жидебай» қазыналы өлкесінен үлкен әсермен оралды.



Бізді Абай әлемімен тағы бір мәрте жақындастырып, оның өмір сүрген заманындағы тарихи оқиғалармен, дәуір келбетімен таныстыруға, осы саяхаттың бастамашысы болған, қаржылай қолдау көрсеткен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Семей аймақтық ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ибраев Сәбит Молдатияұлына, бірлестіктің ұйымдастыру жұмыстары бойынша маманы Воказе Ұлжан Ернарқызына айтар алғысымыз шексіз!



Қ. Құрманбаева,

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің

бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.

Жарияланған күні: Мамыр 23, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты