• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ТАРАЗДЫҚ ҰСТАЗДАР Т…

ТАРАЗДЫҚ ҰСТАЗДАР ТҮРКІСТАНҒА ТӘУ ЕТТІ



Қазақ қоныс тепкен ұлан-ғайыр ұлы даланың әр пұшпағы қасиетті. Топырағын түртсең, тарихы толғайтын кие қонған жеріміздің төрт бұрышын түгендегенде Түркістанға төрден орын тиеді. Ежелден ер түріктің бесігі саналған рухани астанамызға 2018 жылы облыс мәртебесі беріліп, киелі шаһар қайта түледі. Аз ғана уақытта көз ілеспес жылдамдықпен жаңарып, адам танымастай өзгерген қаланың көркіне Тараз қаласындағы білім мекемелері мен ұйымдарының бір топ ұстаздары тәу етіп қайтты.



Рухы сілкінген, өшкені жанып, жаңа тынысы ашылған Түркістан мен Оңтүстік өңірдің киелі орындарына саяхатты Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Тараз қалалық комитеті ұйымдастырды. Білім мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен ұстаздар, олардың отбасы мүшелері әуелгі ат басын Балабөген өзенінің бойындағы Бәйдібек бидің үшінші әйелі Нұрила анамыздың құрметіне салынған «Домалақ ана» кесенесіне бұрып, «Дихнат мама» рухына тағзым етті. Өз дәуірінде ақылдылығымен ел іші бірлігінің ұйытқысы болып, тарихи жазбаларда адамгершілігімен, әдептілігімен, парасаттылығы мен шыншылдығы және аналық қасиетімен дараланған Домалақ ана рухына құран бағыштаған ұстаздар Ақмешіт үңгіріне бет алды.

Үңгірдің қашан, қалай пайда болғаны жөнінде нақты мәлімет жоқ. Ұрпақтан ұрпаққа жеткен аңыз бойынша тылсым табиғаттың кереметі, жер астында орналасқан үңгірдің орнында жерасты мешіті болған деседі. Сырт көзге көрінбейтін тау сілемінде орналасқан үңгірге сенбі болғандықтан ба келіп-кетушілер өте көп. Көзге бір топ ағылшындықтар да түсті. Үңгірдің тылсым сырына қанығып, қоңыр салқын ауасымен тыныстап, бойдағы теріс энергиядан арылған ұстаздар әсерлерімен бөлісіп, таң қалыстарын жасырмады.



- Үңгірдің ішіндегі температура қысы-жазы бір қалыпты болады екен. Ішінде жарты сағат жүрсең бойың жеңілдеп, бір жылдық күш-қуат аласың, - дейді №58 орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ақмарал Дауқұлова.



Тылсымның тұңғиығынан сыр шерткен Ақмешіт үңгірінен шыққан туристер үлкен жолдың бойында әлденіп алып, бабтардың бабы – Арыстан баб кесенесіне жол тартты. Отырар жерінде орналасқан кесене жанындағы суы тұзды құдықтан ниет етіп, су ішіп, баба рухына құран бағыштаған ұстаздар Түркістанға бет алды.



Алғашқы зиярат орны ЮНЕСКО қорғауындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі болды. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған кесене орта ғасырлық сәулет өнерінің биік шыңы саналады. Тек қазақ емес, түркі әлемі ерекше қасиет тұтатын кесененің бөлмелерін аралай жүріп тарихын тыңдаған, құран бағыштап, садақасын берген ұстаздардың шаршағаннан гөрі, рухани байып, білсем деген ниеті басым болды. Ұстаздар кесене маңайындағы Рәбия Сұлтан бегім кесенесі, Қылует жерасты мешіті, Шығыс моншасын аралап, тарихымен танысты.



- Ұстаздар үшін ұмытылмас күндердің бірі десем, артықтық етпес. Тараз қалалық кәсіподағының ұйымдастыруымен Домалақ ана, Арыстан баб пен Қожа Ахмет Ясауи әулиелердің және Әзірет Сұлтан кесенесінде жерлеген қазақ хандары мен би-батырларының рухына зиярат етіп, құран бағыштадық. Бізге сондай әсерлі демалыс сыйлаған Ирина Александрқызы бастаған кәсіподаққа алғыс айтамын. Ерекше әрі есте қаларлықтай танымдық саяхат болды, - дейді №25 мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Тамара Арчманова.



Көпшіліктің ынтығып, көруге асыққаны Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешені болатын. Су арнасы арқылы жалғасқан шығыс базары, саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, «Ұшатын театр», амфитеатр, сауда сөрелері мен мейрамханалар көздің жауын алады. Осының барлығын көзбен көріп, кереметін тамашалап, естелік фотоға түсіп жүрген туристердің көңілін күрт бұзылып, ашық аспанды бұлт торлап, шаңды дауылға ұласқан ауа-райы да түсіре алмады.



– Бұл сапарымыз біз үшін өте маңызды болды. Ескерткіштер мен мәдени ошақтарды аралап, тарихи мекендердің көпке бейім сырларына қанықтық. Мұндай сапарлар кәсіподақ мүшелерінің ұйымшылдығын арттырып, ауызбіршілікке бастайды. Алған әсерімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, - дейді Жергілікті кәсіподақтың Тараз қалалық комитетінің төрайымы Ирина Костина.



Иә, осындай сапарлар расымен керек. Алдымен бұл кәсіподақтың көп қырлы жұмыс бағыттарының бірі – сауықтыру болса, екіншіден «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы туған жерді көркейту, тарихын білу міндетін іске асыру болып табылады. Сонымен бірге, биылғы «Балалар жылы» аясында ұстаздардың, көпбалалы отбасылардың балаларына туристік-танымдық саяхаттар ұйымдастыру мақсатын көздейді. Жыл басынан бері кәсіподақтың жеңілдігімен осындай саяхатпен 1000 аса кәсіподақ мүшесі мен 500 жуық олардың балалары қамтылып, Түркістанның тылсым тарихымен танысып, таңғажайыпқа толы кереметтерін көзбен көріп қайтты.



Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

Жарияланған күні: Мамыр 24, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты