• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАУ…

РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ



Таяуда Жарма ауданының Шар қаласындағы «Абай атындағы мектеп- балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Семей аумақтық ұйымы кәсіподағының төрағасы Сәбит Ибраевтың қатысуымен мектептің кәсіподағы активімен Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумды қолдау мақсатында жиын өткізілді. Отырыста республикалық референдум мақсаты мен алдағы заңнамалық өзгерістерді түсіндіру іс-шаралары талқыланды.



Семей аумақтық кәсіподағы ұйымының төрағасы С.Ибраев кәсіподақтар үшін аталған заңнамалық өзгерістердің маңыздылығын атап өтіп, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мазмұнымен таныстырды. Конституцияның 33 бабына түзетулер енгізу көзделіп отырғаны аталды. Жер және оның қойнауы, су көздері,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі болатыны айтылды. Бұл әлеуметтік әділеттілік қағидасына негізделген қоғамдық- саяси маңызы бар қадам. Сонымен қатар, Конституциялық реформаның нәтижесінде биліктің заң шығарушы тармағы елеулі өзгеріске ұшырамақ. Мәселен,Президент өкілеттілігі қысқарып, Парламенттің және оның палаталарының рөлі едәуір күшейіп, мәртебесі артады.



Жиында сөз алған мектептің бастауыш кәсіподағы ұйымының төрайымы Қ.Амренова ұсынылған толықтырулар әрбір азаматтың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауға бағытталғанын нақты түсіндіріп өтті.



Мектептің іс жүргізушісі Ж.Әубәкірова Конституциялық реформа азаматтардың елді басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттырады деген пікірімен бөлісті.



Мектеп директорының тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары М. Бейсенбаева жоғарыдағы айтылған насихаттарды толықтыра келе, әр мектеп ұжымының мүшелері өздерінің азаматтық ұстанымдарын таныту арқылы референдумның маңыздылығын ұғына отырып, саяси науқанға белсене қатысатынына сенім білдірді.



Жарма ауданы білім және ғылым

қызметкерлері кәсіподақ комитеті.

ШҚО.

Жарияланған күні: Мамыр 24, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты