• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҚЫЗЫЛОРДАДА БІЛІМ Қ…

ҚЫЗЫЛОРДАДА БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА МҮШӘЙРА ӨТТІ



Биыл ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы. Мерейлі жылға орай білім саласы қызметкерлері арасында жазба ақындарымыздың облыстық мүшәйрасы болып өтті. Сайысқа қалалық, аудандық кезең жеңімпаздары мен колледж жеңімпаздарынан барлығы 17 қатысушының шығармалары ұсынылды.




Қазылар алқасының құрамында - Дүйсенбек Аяшұлы («Сыр бойы» газетінің бөлім меңгерушісі, Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одағының мүшесі), Бауыржан Тәжмағанбетұлы («Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, физика – математика ғылымдарының докторы, профессор), Назгүл Бердіқожа (ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері, Мұқағали Мақатаев төсбелгісінің иегері, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы), Гүлнар Бабабекқызы (Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты) және Ержеңіс Тастыбайұлы (айтыскер ақын) төрелік етті.




Облыстық мүшәйраны қазылар алқасының төрағасы Дүйсенбек Аяшұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Алаш ардақтысы, реформатор ғалымның елді ағарту жұмыстарындағы рөлі, тіл мен әдебиет ғылымдарының негізін салудағы зор еңбегіне тоқталды.



Әрі қарай комитет төрағасы Гүлнар Есқалиева мүшәйраның өту тәртібі жайлы түсіндіріп, жазба ақындардың сайысқа ұсынған барлық шығармалары жинаққа шығарылатынын айтып қатысушыларға сәттілік тіледі.




Жазба ақындар мүшәйрасы тартысты өтті. Алаш ардақтысы жайында жаңа өлең жолдары жарық көрді. Ақындарымыздың марапаттау кезеңіне құрметті қонақтар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бахтиярұлы және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ержан Убайдуллаұлы қатысты. Мұрат Бахтиярұлы шығармашыл ұстаздарды жеңістерімен құттықтап, білім қызметкерлері кәсіподағының жұмысына оң баға берді.



Әрі қарай әділ қазылар шешімі бойынша озық шығармалар авторлары Бас жүлде, І,ІІ,ІІІ орындармен және Алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.




Әріптестерді жеңістерімен құттықтаймыз. Қаламдарыңыз ұштала берсін, жазар таусылмасын!

Жарияланған күні: Маусым 15, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты