• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • АҚТӨБЕДЕ ДӘСТҮРЛІ Т…

АҚТӨБЕДЕ ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ



«Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет». Облыс педагогтерінің дәстүрлі тамыз конференциясы осындай тақырыппен өтті. Жиынның пленарлық отырысына облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері, басқарма басшылары, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының өкілдері және өңір педагогтері мен сала ардагерлері, барлығы 1200-ге жуық адам қатысты.




Ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаған аймақ басшысы саладағы бірқатар өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Оңдасын Оразалин білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстарын жандандырып, заман ағымына сәйкес озық үлгілерге негізделген оқу-тәрбиеге басымдық беру қажеттігін айтты. Тәртіп пен тәрбие жоқ жерде білім сапасы ілгерілемейтінін тілге тиек етті. ҰБТ көрсеткішін арттыру, білім беру ұйымдарында заңбұзушылықтардың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайында маңызды міндеттер қойды.




Өңірдің бас ұстазы Жолдас Батырхан жаңа оқу жылының жаңашылдықтарымен бөлісіп, қордаланған мәселелер шешімін табатынын жеткізді.




Тамыз конференциясы барысында сапалы білім беруді қамтамасыз етудегі сын-қатерлер, үздіксіз даму мен тұрақты білім беруді қалыптастыру, ұрпақ тәрбиесі, ұлт құндылығы, академиялық дербестік, мамандар дайындау, дуалды оқыту, балабақшаларды лицензиялау, бірінші басшыларды ротациялау, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда қосымша білім беру ұйымдарының маңыздылығы секілді мәселелер көтеріліп, диалог алаңы құрылды.




Жиында, сондай-ақ, "Үздік білім беру ұйымы" байқауының жеңімпаздары марапатталды. Білім саласының дамуына үлес қосып жүрген 25 үздік ұстазға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. Білім кәсіподағы тарапынан 20 мұғалімге 2 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді.




Құрметті ұстаздар! Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз! Биылғы оқу жылы сәттілікке, жақсы жаңалықтарға толы болғай!

Жарияланған күні: Там. 26, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты