• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ПЕДАГОГТАР БУРАБАЙ …

ПЕДАГОГТАР БУРАБАЙ БАУРАЙЫНДА ДЕМАЛДЫ


Жайдары жаздың таңы атып, күні батқанша шаруасы шаш етектен, жұмысы түгесілмейтін ауыл адамдары бір тыным таппай, күнделікті бірсарынды күйбің тірлікпен жүргенде еңбек демалысы да бітуге таяп қалған.

Тамыз айының басында Қарағанды облысының, Нұра аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұстафин Адамбай Хасенұлының бастамасымен табиғаты әсем Бурабайға 36 адамға екі күнге жолдама берілді. Оның құрамында әр мектептен, балабақшадан мұғалімдер, тәрбиешілер, аспазшылар, шаруашылық қызметкерлері болды. Барып-қайту жолы, жатар орны, екі мезгіл тамағы тегін.

Әдемі самырсынды ормандарымен жүріп отырып, «Алмазный берег» атты демалыс үйіне тұрақтап, аз күн демей, әр уақытымызды сәтті пайдаландық. Бурабайдың көрікті жерлеріне, тарихи орындарына саяхаттадық. Тауына шығып, суына түсіп, нуымен тыныстап, суретке түсіп, естен кетпес ерекше күндерді өткердік. Ауа райы да керемет, тамылжып тұрды.
Демалысты өткізу бірге барған ортаңа да көп байланысты. Біздің топ бір-бірімен тез тіл табысып, әңгіме-дүкен құрысып, сырласып, кештерде би билеп, ән шырқасып, жатар орынға тарқастық. Бұл жердің табиғи сыйынан бөлек, тарихи сыйы да баршылық. «Абылайхан алаңын» аралап, естелік ретінде кәдесыйлар сатып алып қайттық.

Топ мүшелері саяхаттан алған әсерлерімен былайша бөлісті:

Мереке Шарапатқызы:

«Бәрі жақсы, есте қаларлық демалыс болды. Барлықтарыңызға рахмет. Танысып, білісіп, көңіл көтердік»;

Темірлан Жарасқанұлы:

«Все было на высшем уровне. Огромное спасибо за такую возможность профсоюзу, и всем тем, кто был участником этой замечательной поездки»;

Қымбат Мусулманбекқызы:

«Бізбен бірге болған ер-азаматтар Саят, Асылхан, Темірлан, қамқоршы, жанашыр және сый-құрмет көрсеткендерің үшін, жүргізушілеріміз Тулеуов Саят пен Понамаренко Павел Михайловичке де рахмет»;

Ания Самиевна:

«Поездку не описывать словами. Столько адреналина. Мы только рады и благодарны профсоюзу. Спасибо всем, кто организовал эту поездку».

Сапарымыз сәтті болып, аман-есен үйімізге оралдық.

Барлық топ мүшелері және өз атымнан аудандық білім беру бөліміне, кәсіподақ ұйымына, сондай-ақ тобымызға жетекшілік еткен, абыроймен өткізуге ат салысқан Қымбат Мұсылманбекқызы мен Данагүл Қордабайқызына айтар алғысымыз зор.

Сөз түйінін Адамбай Хасенұлының жағымды жаңалығымен аяқтағым келеді: «Құрметті әріптестер! Кәсіподақ әрқашан сіздерді қолдайды. Осындай саяхаттар дәстүрлі түрде жалғасын табады. Жуық арада келесі топ жолға шығады. Барлығыңызға денсаулық және барлық жақсылықты тілеймін!».

С.Смағұлова,
Қайнар ауылы, Нура ауданы,
Қарағанды облысы.
Жарияланған күні: Там. 26, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты