• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМ…

ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ



Жаңа оқу жылындағы Жергілікті кәсіподақтың Атқару комитетінің алғашқы отырысы өтті. Кәсіподақ үйінің мәжіліс залында өткен жиынға Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының филиал жетекшілері мен құқықтық инспекторлары, құрылымдық бөлім жетекшілері қатысты.



Алқалы жиын кәсіподақ активінің Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын талқылауынан басталды.



- Еліміз үшін құтты құжат саналатын Жолдауда Президент айқындап берген бастамалар барлығымызға қатысты. Мемлекет басшысы адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыруға баса мән берілетінін айтты. Жаңа экономикалық саясатқа бағыт алғанымызбен, оның мәні - сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыруға негізделетінін барлығыңыз тыңдадыңыздар. Бұл дегеніміз – еңбек адамы аш болмауы тиіс, лайықты жалақы алып, жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайлары жасалуы керек дегенді білдіреді. Кәсіподақтардың Жолдауды іске асыру бойынша туындайтын міндеттері де міне осы бағыттар, - деп атап өтті Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков.



Жиынға қатысушылар Президент Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары жан-жақты сараланып, қоғамдық-саяси маңызы бар жаңалықтар жария етілгенін, бұл Жолдаудың да еліміз үшін мәні мен маңызы айрықша екенін тілге етті.

Күн тәртібіндегі өзге мәселелер бойынша Кәсіподақтың бас құқықтық инспекторы Берік Баймағамбетов сөз алып, 2021-2023 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік актілеріне қосымшалар мен толықтырулар енгізу бойынша орын алған өзгерістерге тоқталды. Өз сөзінде бұл өзгерістер білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын енгізуден туындаған түйткілдерді реттеу және үлгілік оқу бағдарламаларының өзгерістерін ескере отырып жекелеген пәндер бойынша педагогтардың қысқару мәселесін оңтайлы шешу, оларды ауыстырған сәтте конкурссыз және тест тапсырмай, сондай-ақ қолданыстағы біліктілік санаттарын сақтап қалу мақсатымен ғана жасалғанына екпін берді.



Жиында Тараз қаласы мен Байзақ ауданы бойынша кәсіподақтың құқықтық еңбек инспекторлары Арман Стыбаев пен Ләззат Айтқұлованың да есептері тыңдалды.

Тараз қалалық комитетінің құқықтық мәселелері бойынша бас маманы Арман Стыбаевтың мәліметіне сәйкес Филиал құрамындағы 113 бастауыш ұйымға біріккен 15 мыңнан аса сала өкіліне 2021 жылы - 1393, ал 2022 жылдың 8 айында 865 құқықтық қызмет көрсетілген. Есепті кезеңде білім бөлімі жанындағы жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі Келісу комиссиясына 2 өтініш түсіп, біреуінде педагогтың сұранысы қанағаттандырылған. Осы кезеңде кәсіподақтың құқықтық көмегі нәтижесінде сотқа 4 талап арыз және өзге де 8 процессуалдық құжаттар әзірленіп, сотта 7 рет өкілдік жасалған. Құқықтық инспектордың есепті кезеңдегі экономикалық тиімділік көрсеткіші 17 млн теңгені құраған.

Ал Байзақ ауданы бойынша аймақтық құқықтық еңбек инспекторы Ләззат Айтқұлова білім бөліміне бағынысты білім беру мекемелерінде 2021 жылдың қыркүйек айынан бері барлығы 81 тексеріс жүргізген. Нәтижесінде еңбек заңдылығының талаптарын бұзудың 231 жағдайы анықталған. Кәсіподақ мүшелерінен осы аралықта 99 арыз өтініш түсіп, барлығы қанағаттандырылған. Есепті кезеңдегі кәсіподақ мүшелерінен заңсыз ұсталған немесе төленуге тиісті қаржының нақты соммасы – 9.5 млн теңгені құраған.

Атқару комитетінің отырысында қаралған тағы бір сұрақ - сала қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін 2022 жылы сауықтыру шараларына қатысты болды. Жергілікті кәсіподақтың бас маманы Сандуғаш Шымырқұлованың берген мәліметіне сай бүгінгі күнге 2255 сала қызметкері-кәсіподақ мүшесі шипажайларда емделуге мүмкіндік алса, 2437 сала өкілі «Киелі Түркістан» бағыты бойынша рухани-танымдық саяхатқа шыққан. Ал Алакөл жағалауында 714, Ыстықкөлде 1386 сала қызметкері мен олардың отбасы мүшелері денсаулықтарын түзеген. Балалар жылына орай салалық ұйым қолдауымен 601 бала сауықтырылған. Осылайша, кәсіподақ ұйымы ұсынған сауықтыру шараларымен барлығы 7122 кәсіподақ мүшесі және оның отбасы мүшелері қамтылып, оған 218,3 млн теңге қаражат жұмсалған.



Жиын барысында мұнан бөлек «Еңбек күні», «Ұстаздар күні», «Қазақстан кәсіподақтары күні» кәсіби мерекелері аясындағы өңірлік шараларды ұйымдастыру мен өткізу, Қостанай өңіріндегі төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге көмек қолын созу, кәсіподақтық марапаттаулар сынды әр түрлі мәселелер қаралып, барлық сұрақтар бойынша тиісті қаулы қабылданды.






Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

Жарияланған күні: Қыр. 14, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты