• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРГЕ …

КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРГЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТКІЗІЛДІ



Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелері арасында «Тоғызқұмалақ және шахмат» ойындарынан облыстық спартакиада өткізілді.




Шараның мақсаты – Қазақстан Кәсіподақтары және Ұстаздардың кәсіби мерекелеріне орай кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын ұстану мен ұлттық тоғызқұмалақ және шахмат ойындарын насихаттау.



Спартакиада – бекітілген Ережеге сәйкес, тоғызқұмалақ және шахмат ойындарынан Орал қалалық және аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалдары мен жоғарғы оқу орындары, колледждер, облыстық білім беру мекемелерінен барлығы 18 құрама командасының ерлер мен әйелдер арасында өткізіліп, төрешілер алқасының әділ шешімімен өз мәресіне жетті.



«Тоғызқұмалақ» ойынынан ерлер арасында 1 орынды – Бөрлі аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының кәсіподақ мүшесі Сайлан Матылов, 2 орынды – № 42 «Ақниет» гимназиясының кәсіподақ мүшесі Бектас Кенжегалиев, 3 орынды – Сырым аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының кәсіподақ мүшесі Қуаныш Үсенов иеленсе, ал әйелдер арасында 1 орынды – Теректі аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының кәсіподақ мүшесі Аяулым Мағзом, 2 орынды – Қаратөбе аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының кәсіподақ мүшесі Назерке Даргалиева, 3 орынды – Жаңақала аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының кәсіподақ мүшесі Аяжан Біржанқызы иеленді.




Шахмат ойыны бойынша ерлер арасында 1 орынды – Қаратөбе аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының кәсіподақ мүшесі Досымхан Хамидуллин, 2 орынды – Казталов аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының кәсіподақ мүшесі Мирлан Жумагазиев, 3 орынды – С. Сейфуллин атындағы № 11 дарынды балаларға арналған облыстық мектеп интернатының кәсіподақ мүшесі Ернар Тауас иеленді. Ал, әйелдер арасында 1 орынды – Бөрлі аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының кәсіподақ мүшесі Айжан Габидуллина, 2 орынды Бәйтерек аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының кәсіподақ мүшесі Ажар Оңғарбаева, 3 орынды – Тасқала аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының кәсіподақ мүшесі Асель Кадырберлиева жеңіп алды.




«Тоғызқұмалақ және шахмат» ойындарынан облыстық спартакиадасының жабылу салтанатында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ төрағасы Марат Даупаев, осы шараға қатысқан барлық құрама командаларға және арнайы шақырылған БҚО салалық кәсіподақ белсенділері мен кәсіподақ ардагерлеріне зор алғысын білдірді.




Ал, «Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығы» АКБ төрайымы Айгүл Есекенова және ардагер – ұстаз Өтебай Құспанов бүгінгі шараның өтуіне байланысты құттықтау сөз сөйледі.



Марапаттау сәтінде жүлделі орындар иеленген кәсіподақ мүшелері медаль және дипломмен марапатталып, заттай сайлықтар мен гүл шоқтары табысталды.




Осымен, аймақтық және облыстық деңгейде екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған «Тоғызқұмалақ және шахмат» ойындарынан өткен спартакиада алдағы уақытта да жалғасын тауып, дәстүрге айналады деген сеніммен, құрама команда мүшелері көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.






Батыс Қазақстан облыстық

кәсіподақ ұйымы

Жарияланған күні: Қаз. 3, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты