• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • «ҰСТАЗДЫҚ – ҰЛЫ ҚЫЗ…

«ҰСТАЗДЫҚ – ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ»



Осындай атаумен «Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі салтанатты қабылдауын ұйымдастырды.



Ұстаздар және Кәсіподақтар күніне орай ұйымдастырылған шараға білім беру мекемелерінің басшылары, сала ардагері, аудандық, қалалық филиалдары мен бастауыш ұйымдарының төрағалары және кәсіподақтың белсенді мүшелері қатысты.



Салтанатты қабылдауды Оқушылар сарайының бүлдіршіндері ұстаздарға арналған өлеңдерімен ашып, шәкірттік тілектерін жолдады. Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Мэлс Төлепбергенов алғашқылардың бірі болып, кәсіподақтың мүшелерін мерекемен құттықтады. Ұстаздардың еңбегіне алғыс білдіріп, қоғамдық жұмыстағы белсенділіктерін жоғары бағалады. Педагогтардың сапалы білім беру ісіне шығармашылық табыс тіледі.



Алматы және Жетісу облыстық кәсіподақтар орталығының төраға орынбасары Қаһарман Еркінайұлы Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының бастамасы негізінде «Еңбек адамы», «Қалың қалай бастауыш?» акциялары тұрақты ұйымдастырылып, бастауыш ұйымдармен байланыс орнатылғанын, әр саланың үздіктері туралы мақалалар әлеуметтік желілерге жарияланғанын айтты.



Ал, Жетісу облыстық білім беруді дамыту оқу – әдістемелік орталығының әдіскері, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әсел Әуезова жаңа оқу жылындағы өзгерістерге тоқталып, салтанатты қабылдауға қатысушыларды қос мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Мерекелік шарада кәсіподақ мүшелеріне Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төс белгісі, облыс әкімінің, білім басқармасының және облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталары табыс етілді.



Сонымен қатар, облыстық кәсіподақ ұйымының «Ең үздік филиалы», «Ең үздік техникалық инспекторы», «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы», «Ең үздік әйелдер істері жөніндегі комиссиясы», «Ең үздік жастар Кеңесі», «Ең үздік әлеуметтік әріптесі», «Ең үздік бақылау-тексеру комиссиясы», «Ең үздік ұжымдық шарт», «Ең үздік педагогикалық еңбек ардагерлері Кеңесі», «Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатқан филиал» номинациялары бойынша үздіктері анықталып, марапатталды.



Салтанатты қабылдауда облыстық филармонияның әншілері, Қ. Байсейітов атындағы саз колледжінің білімгерлері мен Оқушылар сарайының бүлдіршіндері ән салып, би билеп, өнерлерін көрсетті.





«Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ баспасөз қызметі

Жарияланған күні: Қаз. 6, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты