• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТ…

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК – ӘДІЛЕТТІ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕПІЛІ!



Кәсіподақ ұйымдары 200 жылдан астам уақыт әлем бойынша еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында өз міндетін абыройлы орындап келеді. Әлемнің барлық мемлекеттері адам құқықтары жөніндегі Жалпыға ортақ декларацияға сәйкес Кәсіподақтар туралы арнайы заң қабылдаған.



Бұл күндері құрамында 800 бастауыш ұйымға біріккен 67 000 астам мүшесі бар Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы ұстаз беделін көтеріп, еңбек адамының құқы мен мүдделерін қорғау мақсатында көптеген іс-шаралар өткізіп, нәтижелі жұмыстарға қол жеткізуде. Бастауыш ұйым мен оның көшбасшылары ұйытқы болып атқарған әрбір игі істер кәсіподақтың қоғамда алатын орнын айқындай түсуде.



Сондай шаралардың бірі - «Әлеуметтік әріптестік – әділетті еңбек қоғамын қалыптастыру кепілі!» атты әлеуметтік әріптестердің облыстық форумы Ұстаздар күні мен 10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні мерекелеріне орайластырылды. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірге ұйымдастырылған форум еңбек адамының әлеуметтік ахуалы мен кәсіби құқықтарын қорғау, ұстаз еңбегін ұлықтау мен мәртебесін асқақтату, әлеуметтік әріптестікті нығайту мақсатында өтті. Форум жұмысына білім беру мекемелерінің басшылары, ұстаздар, бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері, сала ардагерлері мен кәсіподақ белсенділері қатысты.



Салтанатты шарада алғашқы құттықтау сөзін білім және кәсіподақ саласының ардагері Гүлсін Орынбаева сөйлеп, марапаттау рәсімін жүргізді. Тараз сервис және технология колледжінің директоры Маймышев Бекбол мен аталған колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Мая Мустафина кәсіптік техникалық білім беру мекемелері арасында «Үздік әлеуметтік әріптес - 2022» номинациясымен марапатталды.



Жамбыл облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Абдрайымов кәсіби бірлік пен ынтымақтастық қағидасын қалыптастырғаны үшін Байзақ ауданы «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Ақбөпе Нұрғалиева мен осы балабақшаның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жандаулет Айтуғановты мектепке дейінгі білім беру мекемелері арасында «Үздік әлеуметтік әріптес - 2022» номинациясымен марапаттады.



Орта білім беру мекемелері мен ұйымдары арасында «Үздік әлеуметтік әріптес - 2022» номинациясы бойынша марапаттауды жүргізген «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Сұлушаш Құрманбекова Тараз қаласы №22 орта мектептің директоры Диханбаева Шолпан Имантайқызы мен мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Шахизат Мейірбекованы марапаттады.



Қосымша білім беру мекемелері арасында «Үздік әлеуметтік әріптес - 2022» номинациясы бойынша арнайы марапаттарды Жамбыл облысының білім сапасын қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Атенов Жасұлан жүргізіп, Шу ауданы оқушылар сарайының директоры Нагима Райкулова мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ляззат Жунусова марапаттады.



Ұстаздық мамандықты өмірлік ұстанымына айналдырған ұстаздар-кәсіподақ мүшелерін құттықтаған Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Досыбаева мен Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков «Әлеуметтік әріптестік жылы» және Форум аясында аудандық деңгейде «2022 жылдың Үздік әлеуметтік әріптесі» номинациясы бойынша Меркі аудандық білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерім Аханқызы мен Жергілікті кәсіподақтың Меркі аудандық комитетінің төрайымы Асанжанова Мадина Болысбекқызын марапаттап, сый-құрмет көрсетті.



Форум барысында ұстаздар мен кәсіподақ белсенділері ҚР Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына айрықша сіңірген еңбегі үшін» Белгісімен, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» Белгісімен марапатталды. Сонымен бірге, облыстың бірқатар белсенді педагогтары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының, Жамбыл облысының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің Алғыс хаттарымен марапатталды.






Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

Жарияланған күні: Қаз. 10, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты