• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • «КӘСІПОДАҚ – ҚОҒАМН…

«КӘСІПОДАҚ – ҚОҒАМНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ»



Шәкәрім университетінде Кәсіподақтар мерекесіне орай «Кәсіподақ – қоғамның ұйытқысы» атты ауқымды іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты ұжым қызметкерлерімен кездесіп, еңбек адамдарын толғандырып жүрген мәселелермен танысу, белсенділік танытып жүрген кәсіподақ мүшелерін марапаттау болды.



Алғашқы құттықтау сөзді алған университет басқарма төрағасы-Ректор Бауыржан Аманкелдіұлы Ердембеков кәсіподақ мүшелерін мерекелерімен құттықтап, адамдардың еңбек құқықтарының сақталуы, әлеуметтік жағынан қамтылып, еңбегінің нәтижелі болуына кәсіподақтың қосар үлесі зор екенін баса айтты. Университетте кәсіподақ ұйымымен бірлескен нәтижелі жұмыстар жүзеге асырылып жатқандығын, кәсіподақ мүшелерінің университет өмірінің әр саласындағы істерге белсене араласып белсенділік танытуда екендігін атап өтті.



Кәсіподақ - ұжымда қызмет етіп жүрген әрбір жанның мүддесін қорғайтын ұйым екендігін соның бір ғана дәлелі университеттің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы аттестаттау және барлық деңгейдегі конкурстық комиссиялардың, барлық алқалық ұйымдардыңтұрақты мүшесі деді университет басшысы. Сөз соңында қатысушыларға мықты денсаулық, еңбектеріне табыс тіледі.



Салтанатты шараға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Семей аумақтық ұйымы төрағасы С.М.Ибраев қатысып, университет ұжымын маңызды мерекемен құттықтады. Аумақтық ұйым төрағасы кәсіподақ мерекесінің маңызына тоқтала келе, оқу орнының кәсіподақ белсенді мүшелерін республикалық, облыстық ұйымның Алғыс хаттармен марапаттады.



Мерекелік шара кәсіподақ ардагерлері Ж.Қорабаев пен Ж.Тыныбаеваны мерейтойларымен құттықтап, сый – сияпат жасаумен жалғасты.



Кеш барысында кәсіподаққа мүшелікке жаңадан кірген қызметкерлерге кәсіподақ билеттері салтанатты түрде табысталды.

Бастауыш Кәсіподақ ұйымының төрағасы 5 қызметкерге әлеуметтік қолдау сертификаттарын табыстады.



Шараның екінші бөлімі «Кәсіподақтың қоғамдағы ролі мен маңызы» атты семианармен жалғасты. Семинарды Семей аумақтық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі маманы Воказе Ұ.Е. жүргізді. Семинар іс-тәжірибе алмасу, үйрету мақсатында өткізілді. Кешке қатысушылар мазмұнды семинар өткізгені үшін Ұлжан Ернарқызына алғыстарын білдірді.

Салтанатты жиын Шәкәрім университетінің маршымен аяқталып, соңында кешке қатысушылар мен қонақтар естелік фотоға түсті.






К. Құрманбаева,

Шәкәрім университетінің бастауыш

кәсіподақ ұйымының төрайымы.

Жарияланған күні: Қаз. 19, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты