• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚ ТОҚАЕВТЫҢ…

КӘСІПОДАҚ ТОҚАЕВТЫҢ КАНДИДАТУРАСЫН ҚОЛДАЙДЫ



Шешімді Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Атқару комитетінің кеңейтілген құрамдағы мәжілісі қабылданды. Жиында кандидаттың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында көрсетілген өңірлерді дамыту мәселелері талқыланып, назарға алынды.



«Біз, кәсіподақтар республикамыздың президенті кім болатынына ешқашан бей-жай қараған емеспіз. Президент мемлекеттің, азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің сенімді қорғаушысы бола білуі, қазіргі заманның барлық сын-қатерлеріне дер кезінде және жауапкершілікпен жауап бере білуі тиіс. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау осы мақсатқа сай болады деп ойлаймын», – деді Ерұлан Мағзымбеков.



Атқару комитетінің мәжілісіне қатысқан Жергілікті кәсіподақтың филиал мәртебесіндегі Тараз қалалық және аудандық комитет төрағалары, Кәсіподақтың құқықтық еңбек инспекторлары, Кәсіподақ аппараты мен құрылымдық бөлімше жетекшілері сайлау науқанына белсенді қатысуға ниетті екендіктерін білдіріп, кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасын қолдайтындықтарын жеткізді.



Алқалы жиын барысында мұнан өзге Кәсіподақтың Тараз қаласы, Қордай және Меркі ауданының аймақтық құқықтық еңбек инспекторларының сала қызметкерлері-кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғау жұмысын ұйымдастыру жағдайы туралы есептері тыңдалды.



Тараз қаласының құқықтық еңбек инспекторы Ғазиз Оспановпен 2021 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін 64 тексеру жүргізілген. Тексерулердің қорытындысы бойынша 118 заңбұзушылық анықталған. Тексерулер барысында барлық мекемелерде дерлік ҚР Еңбек кодесінің 182-б. 2-т. 4)-т. және 2021-2023 жылдарға жасалған Ұжымдық шарттың 8.1.5.-т., (7-қосымшасы) бұзыла отырып, арнайы киім мен аяқ киім, жеке қорғаныш құралдарымен ішінара қамтамасыз етілгені анықталып, ұсыныстар берілген. Сонымен қатар, тексерулермен қамтылған мекемелердің басым көпшілігінде Ұжымдық шарттың 1.21.-т. 5)-т. бұзыла отырып, қызметкерлерге қатысты көтермелеулер мен тәртіптік шаралар туралы бұйрықтар кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескерместен шығарылған. Есепті мерзімде 1 қызметкер жұмысқа қайта орналастырылып, 411 құқықтық кеңес берілген. Инспектор 3 257 338 теңге көлемінде экономикалық тиімділік келтірген.



Қордай ауданы бойынша құқықтық еңбек инспекторы Бауыржан Алпысбаев 2021 жылдың ІІ жарты жылдығы мен 2022 жылдың 10 айында еңбек заңдылығының орындалуы бойынша 106 тексеру ұйымдастырып, нәтижесінде 160 құқық бұзушылық тіркеген. 2022 жылдың 10 айында 318 құқықтық қызмет көрсетіп, жеке қабылдауда 107 кәсіподақ мүшесін қабылдаған. Инспектордың аталған уақыт аралығында келтірген экономикалық эффектісі 20 млн. 705 мың 604 теңгені құрайды.

Ал Меркі ауданының аймақтық құқықтық еңбек инспекторы Светлана Ержанова берген мәліметтерге сай, ауданда есепке алынған 55 бастауыш кәсіподақ ұйымының 35-не ҚР Еңбек заңдылығының орындалуын бақылау бойынша тексеру жасалған. Заң бұзушылықтарды анықтау бойынша 35 тоқтам жасалып, оның 24-не жауап қайтарылған. Аудандық ұйымға 2021 жылы – 5; 2022 жылы – 8 арыз-өтініш түсіп, кездесу, әлеуметтік желі және телефон байланысы арқылы 634 құқықтық кеңес берілген. Ұжымдық шарттың 6.5.15 тармағын жүзеге асыру бойынша аудандық білім бөлімімен хат алмасу негізінде оң шешім табылып, 37 іс-жүргізушіге 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап 30% көлемде, 2022 жылдың қаңтар айынан бастап толық 50% көлемінде қосымша ақы төленуде. Сонымен бірге, 2021-2023 жылдарға жасалған Ұжымдық шартқа енгізілген өзгерістер нәтижесінде қызметтік бөлмелерді тазалаушыларға 18 млн. 030 мың 665 теңге жәрдем ақы төленген. Есептік кезеңде жүргізілген тексерулер бойынша, сонымен қатар, азаматтардың өтініштерін қарау барысында және Ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу нәтижесінде кәсіподақ мүшелерінің пайдасына экономикалық тиімділіктің жалпы сомасы 35 млн. 959 мың 498 теңгені құраған.

Сондай-ақ, Атқару комитеті күн тәртібіне сай Кәсіподақтың Сарысу аудандық ұйымындағы бухгалтерлік есептің жүргізілу жағдайы мен кіріс және шығыс сметасының сақталуы; Жергілікті кәсіподақтағы мүшелік статистикалық есептілік; кәсіподақтық марапаттаулар мен кәсіподақтық және салалық басылымдарға жазылым ұйымдастыру туралы сұрақтар қаралып, әр сұрақ бойынша Қаулы қабылданды.






Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы

Жарияланған күні: Қаз. 31, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты