• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • АРЫЗ АРТЫНДА АДАМ Б…

АРЫЗ АРТЫНДА АДАМ БАР



Ағымдағы жылдың 13 маусым күні Атырау облысы Білім беру басқармасы Атырау қаласы білім бөлімінің «Дамбы өнер мектебі» КМҚК 43 педагогы облыстық салалық кәсіподақ ұйымына арызданып келді. Олардың басты мәселесі бірнеше жылдардан жыр болып келе жатқан сауықтыру жәрдемақыларының нақты оқу жүктемесіне сәйкес төленбей, оқу жылының алдында ғана бекітілген тарифпен берілгені.

«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ бұл мәселе төңірігінде бірнеше рет соттың, одан қалып жатса Келісу комиссияларының шешімімен бірнеше ұстаздардың өтініштерін оң шешкен. Аталған құжаттар аймақтың барлық білім беру мекемелерінің басшыларына, атап айтқанда қала, аудандық білім беру бөлімдерінің басшыларына және мектеп директорларына жеткізілген де болатын. Алайда олардың тарапынан әлі күнге мәселенің қайталанып отырғаныны өкінішті.



Аталған мәселе 30.11.2022 ж. Атырау облысының әкімі С.Шәпкеновтың төрағалығымен өткен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссия отырысына «Міндетті әлеуметтік төлемдер, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне тіркеу және білім саласында ұстаздарға жәрдемақы төлеу мәселесі туралы» тақырыбымен ұсынылды.



Бұл мәселе жөнінде «Атырау облысы мемлекеттік Еңбек инспекция басқармасы» ММ-нің басшысы И.Әубәкіров баяндама жасап, аталған ұйымға тексеру жүргізілгендігін атап өтті. Тексеріс нәтижесімен, жұмыс берушіге анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізіліп, заңбұзушылыққа жол берген жауапты тұлғаның әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығын мәлім етті.



Мәжіліс қорытындысымен, Атырау облысы Білім беру басқармасына «Дамбы» өнер мектебі КМҚК-нің және басқа да оқу орындарында жұмыскерлерге берілетін нақты жұмыс жасаған жүктемелері тарификацияға сәйкес сауықтыруға арналған тиісті төлемдерді қайта есептеп, қажетті қосымша қаржы бөлініп, берілуін қамтамасыз етсін» деген шешім қабылданды.



ҚР Білім және ғылым министрінің 11.05.2020 ж. №191 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ұйымдар Педагогтардың жалақысын есептеу қағидаларының 14 т. сәйкес оқу жүктемесінің көлемі тарифтеуден кейінгі кезеңде өзгерген жағдайда, еңбек шартына қосымша келісім жасасу негізінде жүктемені өзгерту туралы бұйрық шығару арқылы тарифтеу тізіміне өзгерістер енгізу жүргізіледі.

Сондықтан аталған заңдылықты аймақтың барша білім беру мекемелерінің директорлары (жұмыс берушілер) күнделікті өндірісте қатаң басшылыққа алулары тиіс.







«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі.

Жарияланған күні: Жел. 21, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты