• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҰСТАЗДАР АРЫЗЫ АЯҚС…

ҰСТАЗДАР АРЫЗЫ АЯҚСЫЗ ҚАЛМАДЫ



Қарапайым еңбек адамына түсер қиындықты жеңілдетуде, еңбек заңдылықтарының сақталуын бақылауда, кәсіподақ мүшелеріне материалдық-моральдық қолдау көрсетуде және тағы басқа да туындаған мәселелерді шешуде кәсіподақ ұйымы елеулі рөл атқаратыны белгілі.Оның жарқын мысалын мына бір жайттан да көруге болады.



«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігіне өткен қазан айының соңына таман Қызылқоға ауданы мектептерінде шәкірт тәрбиелеп жүрген 40 мұғалімнің атынан арыз түсті. Олар 2021-2022 оқу жылында білім жетілдіру курсына қатысқан ұстаздар алды бір жылдан астам уақыттан бері іссапар ақысының әлі төленбегендігіне наразылық білдіріп,мәселені шешуге облыстық салалық кәсіподақтан көмек сұраған.



Аталған мәселеге орай қоғамдық бірлестік төрағасы Қылышбай Сүндетұлы әріптестерінің арызы бойынша Қызылқоға ауданына арнайы іссапармен барып, мәселенің оң шешімін табуына ықпал етті. Сөйтіп, өңірдегі жалпы білім беретін жеті мектеп пен бір балабақшаның 40 қызметкеріне қараша айынан бастап, тиісті төлемдер төлене бастады.



Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың хатшысы Альберт Аққайнановтың айтуынша, мәслихаттың кезекті сессиясында салалық кәсіподақ жетекшісінің ұсынысын және ауыл мұғалімдерінің арызын ескере отырып, оқу-ағарту қызметкерлеріне бір жолғы отынға берілетін 5000 теңгелік көмек қаражатының көлемін 18 000 теңгеге жеткізу туралы шешім қабылданыпты.



Көпшіліктің наразылығын тудырған бұл мәселелердің ұстаздар пайдасына шешілуіне қолдау көрсеткен «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлына және салалық кәсіподақтың заңгері Юлия Айбосыноваға Кенбай орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұржауған Сұлтанова барша әріптестері атынан ризашылық алғыс сезімдерін жеделхат арқылы жеткізді.



Қызылқоға аудандық мәслихаты депутаттарының қолдауымен қабылданған мұндай батыл шешімге өзге аудандардағы мемлекеттік органдар басшылары құлақ асып, қолдап жатса, нұр үстіне нұр болар еді!






Атырау облысы

Жарияланған күні: Жел. 23, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты