• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖАМБЫЛДА ЖЕРГІЛІКТІ…

ЖАМБЫЛДА ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПОДАҚТЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ



Жергілікті кәсіподақтың барыс жылындағы соңғы Атқару комитетінің отырысында алғашқы болып Білім кәсіподағының Орталық комитетінің Атқарушы органының жуырда өткен отырысында қаралған материалдарына шолу жасап, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру тетіктерін талқылауға арналған сұрақтан басталды. Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Атқару комитетінің мүшесі Берік Баймағамбетов күн тәртібінде Салалық кәсіподақ пен оның мүшелік ұйымдарының ағымдағы жылғы қызметіне негіз болған 14 мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданып, 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілгенін айтты.



Бұдан кейін Жергілікті кәсіподақ заңгерлерінің ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңы мен әлеуметтік әріптестік актілері аясында сала қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғауға бағытталған Кәсіподақтың құқықтық қызметінің заңгер мамандары Әділ Смағұлов (Талас ауданы), Әйгерім Сәрсенбаева (Жамбыл ауданы) және Гүлжан Орымбаеваның (Жуалы ауданы) есептері тыңдалды.

Әділ Смағұловпен 2022 жылдың қаңтар айынан бастап Талас ауданы бойынша білім беру мекемелерінде 39 жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізілген. Аталған тексерулерден 116 құқық бұзушылық анықталған. Құқық бұзушылықтардың басым көпшілігі, яғни 56 еңбек қатынастарын рәсімдеу кезінде орын алған. Осы кезеңде заңгердің кәсіподақ мүшелеріне тигізген экономикалық әсердің көлемі 25 млн. 200 мыңнан аса теңгені құрайды.



Ал, Жамбыл ауданы бойынша құқықтық еңбек инспекторы Әйгерім Сәрсенбаева тарапынан биыл еңбек заңнамасының орындалуы бойынша 63 қоғамдық бақылау жүргізіліп, еңбек заңдылығы талаптарын бұзудың 136 жағдайы анықталған. Кәсіподақ мүшелеріне барлығы 714 құқықтық кеңес берілген. Жыл басынан бері барлық тексерулер, келіссөздер мен ұсыныстардың қорытындысы бойынша кәсіподақ мүшелеріне жалпы қайтарылған сома 26 млн. 373 мың теңгені құрап отыр.

Жуалы ауданының аймақтық құқықтық еңбек инспекторы Гүлжан Орынбаева аудандық білім бөліміне бағынысты білім беру мекемелерінде еңбек заңдылығының орындалуына қоғамдық бақылау жүргізу бойынша 55 тексеріс жүргізген. Тексеру нәтижесінде қолданыстағы еңбек заңдылығының талаптарын бұзудың 172 жағдайы анықталған. Оның 61-і еңбек ақы төлеуде. Есепті кезеңде кәсіподақ мүшелерінен заңсыз ұсталған немесе төленуге тиісті қаржының нақты сомасы – 65 млн. 921 мың теңгені құрайды.

Құқықтық инспекторлардың кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғау жұмысы туралы есептері назарға алынып, тиісті Қаулы қабылданған соң, күн тәртібіндегі келесі сұрақ - Жергілікті кәсіподақтың мүшелік ұйымдарындағы есеп беру-сайлау науқанын дайындау мен өткізу шаралары туралы Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков сөз алды.



- Кәсіподақтар өткізетін сан-салалы ұйымдастыру жұмыстарының ішінде есеп беру мен сайлаудың орны ерекше. Ол бұрын-соңды қойылған мақсат-міндеттер мен меженің орындалуын сарапқа салып, өз жұмыстарымыздағы бағыт-бағдарды салыстыру мүмкіндігі. Біз еңбек адамының беделіне береке дарытып, қам көңіліне қаншалықты қамқоршы бола алғанымызды, азаматтық қоғамды қалыптастыруда қаншалықты пәрмені бар құрылым екендігімізді айшықтайтын сындарлы кезеңді үлкен жауапкершілікпен өткізуге тиіспіз, - деді Ерұлан Сәбенұлы.



Кәсіподақ төрағасы Жарғыға сәйкес барлық деңгейдегі сайланбалы органдардағы есеп беру-сайлаудың жалпы кезеңдерін, облыстық ұйым конференциясының мерзімін, конференцияның жобалық күн тәртібін, делегаттарды сайлау тәртібі мен өкілдік ету нормасы, ұйымдастыру шараларының жоспары сынды бірқатар мәселелерді ортаға салып, Атқару комитеті мүшелерінің талқылауынан кейін тиісті шешімдер қабылданды.

Алқалы жиын барысында мұнан бөлек сала қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін 2023 жылға сауықтыру жоспары туралы; Жергілікті кәсіподақтың бастауыш ұйымдары үшін 2023 күнтізбелік жылға бірыңғай үлгілік іс номенклатурасы туралы және алдағы жылға кәсіподақтық және салалық басылымдарға жазылымды ұйымдастыру қорытындылары туралы сұрақтар қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.






Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

Жарияланған күні: Жел. 29, 2022
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты