АСТАНАДА «ҚҰРМЕТ» ЗИЯТКЕРЛІК КУИЗ ОЙЫНЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы «Құрмет» еркін ұстаздар қауымдастығымен бірлесе отырып, Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында елордалық педагогтер арасында «Құрмет» зияткерлік куиз ойынының қалалық финалдық кезеңін өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтардың интеллектуалдық әлеуетін арттыру, ұжымдық рухты нығайту, зияткерлік мәдениетті дамыту және әріптестер арасында достық байланысты күшейту.
Қаланың Алматы, Байқоңыр, Сарайшық, Сарыарқа, Есіл және Нұра аудандарынан іріктеуден өткен 24 команда өзара бақ сынасты. Қызықты әрі тартысты өткен ойын барысында қатысушылар түрлі интеллектуалдық сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Ойын қорытындысы бойынша:
1 орын – «Oilanike» (№70 мектеп)
2 орын – «Oy-Synaq» (№56 мектеп)
3 орын – «SixSeven» (№105 мектеп)
Жеңімпаздар Кәсіподақтың дипломдары және сыйлық сертификаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, барлық қатысушыларға «Level Up» стоматология клиникасынан 20% жеңілдік сертификаттары табысталды. 4–13 орын иегерлеріне «Jan El» спа-салонының қызметтеріне 50%-ға дейін жеңілдіктер берілді.
Ал, кездейсоқ таңдалған 10 қатысушыға «Foliant» баспасының кітаптары сыйға тартылды.
Осындай зияткерлік шаралар педагогтар арасында білім мен бірлікті нығайтып, жаңа серпін беретіні сөзсіз!
-
Фото
-