ҚАРҒАЛЫДА ҰСТАЗДАРДЫ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
Ақтөбенің Қарғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы өз дәстүріне сай тоқсан сайын ауданның үздік мамандарын ынталандырып, оларды шипажайларда тынықтыруды жалғастырып келеді. Бұл игі бастама ұстаздардың еңбегін бағалап қана қоймай, олардың денсаулығын нығайтып, жаңа күш-қуатпен жұмысқа оралуына мүмкіндік береді.
Осы жолы ауданның бірқатар үздік білім қызметкерлеріне еліміздің шипалы аймақтарында демалуға жағдай жасалды. Атап айтқанда, олар Сарыағаш өңіріндегі “Айсары” және Жамбыл облысындағы “Мерке” шипажайларында тынығып қайтты. Табиғаты көркем, ауасы таза, емдік қасиеті мол бұл орындарда қызметкерлер түрлі сауықтыру шараларынан өтіп, денсаулықтарын жақсартуға мүмкіндік алды.
-
Фото
-