БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының ұйымдастыруымен Жамбыл ауданының білім бөлімінің орталықтандырылған бухгалтериясының және білім беру ұйымдарының бухгалтерлеріне арналған семинар өтті.
«Білім беру ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп: заңнамалық өзгерістер және практикалық мәселелер» тақырыбындағы аудандық семинарда кәсіподақ ұйымдарында бухгалтерлік есеп жүргізудің өзекті мәселелері, сондай-ақ еңбек заңнамасындағы және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіндегі соңғы өзгерістер қарастырылды.
Семинар модераторы Жергілікті кәсіподақтың бас инспекторы Әлия Джолшибекова бухгалтерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және заңнамалық өзгерістермен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған семинарда білім беру ұйымдарындағы бухгалтерлік есепті жүргізудің ерекшеліктері, қаржылық құжаттамаларды рәсімдеу тәртібі, сондай-ақ еңбек қатынастарына қатысты заңнамалық нормаларды сақтау мәселелерін жан-жақты түсіндірді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік ұсыныстар алды. Әсіресе, салық заңнамасындағы жаңалықтар, бюджеттік есеп жүргізудің тәртібі және мемлекеттік сатып алуларға қатысты мәселелер бойынша нақты жауаптар берілді.
Бұл іс-шара білім беру саласындағы қаржылық басқару жүйесін нығайтуға және бухгалтер мамандарының кәсіби өсуіне ықпал етері анық.
Жамбыл облыстық ұйымы.
-
Фото
-