БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРУЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ақтөбеде аудандық кәсіподақ ұйымдары әйелдер қауымын мерекемен құттықтады.
Аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымдарының қолдауымен Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мерекелік шара ұйымдастырылды.
Шара барысында білім саласында табанды еңбек етіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізген кәсіподақ мүшелеріне құрмет көрсетілді.
Мерекелік жиында аудандық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары білім саласының қызметкерлерін көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, олардың еңбектеріне табыс пен толағай жетістіктер тіледі.
Мейірім мен ізгілікке толы кеште кәсіподақ мүшелері лайықты сый-құрметке бөленді. Білім саласының қызметкерлеріне аудандық кәсіподақ ұйымдары атынан бағалы сыйлықтар, сондай-ақ тарихи-танымдық саяхаттар мен шипажайларға жолдамалар табысталды.
Әріптестерінің ілтипатына бөленген әйелдер қауымы ұжымдағы ауызбіршілік пен сыйластықты атап өтіп, кәсіподақ ұйымдарының мерекелік құттықтауларына алғыстарын білдірді.
-
Фото
-