КӨШБАСШЫЛЫҚ ПЕН СПОРТ ТОҒЫСҚАН САЙЫС
Ақтөбеде Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен білім беру ұйымдары басшылары арасында «Көшбасшы – энергия мен интеллект» атты эстафеталық сайыс өтті. Аталған шараға аудан мектептерінің директорлары мен мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері қатысып, өзара бақ сынады.
Сайыстың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдары басшылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлікті нығайту, көшбасшылық қасиеттерді дамыту және педагогикалық қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты арттыру.
Эстафеталық сайыс барысында қатысушылар түрлі спорттық және зияткерлік кезеңдерден өтіп, өздерінің шапшаңдығы мен тапқырлығын, ұйымшылдығы мен белсенділігін көрсетті. Әр кезең тартысты әрі қызықты өтіп, қатысушылар көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының арнайы дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
-
Фото
-