АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ АЙҚЫН ҮЛГІСІ
Ахметбекова Зауре Орынбасарқызы 2014 жылдан бастап Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясында бас есепші қызметін атқарып келеді. Бухгалтерлік есептің заң талаптарына сай дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етіп отырған білікті маман. Қаржы құжаттарының уақытылы рәсімделуі, есеп-қисаптың дәлдігі мен айқындылығы оның тікелей бақылауында.
Қызмет барысында Зауре Орынбасарқызы қаржылық есептерді дайындау, бюджет қаражатының мақсатты және ұтымды жұмсалуын қадағалау, салық және басқа да міндетті төлемдердің уақытында орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жоғары жауапкершілікпен атқарады. Сонымен қатар, қаржылық тәртіптің сақталуына ерекше мән беріп, мекеменің тұрақты жұмыс істеуіне өз үлесін қосып келеді.
Зауре Орынбасарқызы – өз ісіне мұқият, талапшыл әрі тиянақты қызметкер. Ұжыммен қарым-қатынасы жақсы, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, әріптестеріне бағыт-бағдар беріп, кәсіби кеңес көрсетуге әрдайым дайын. Ұзақ жылдар бойғы адал еңбегі мен кәсіби біліктілігі мекеме басшылығы мен ұжым тарапынан жоғары бағаланады.
Қарағанды облыстық ұйымы